• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:06:28
Алматы
+35°

11 Қазан, 2017 NEWS

Түркіменстан президенті екінші мәрте «Елінің қаһарманы» атанды

Бірінші «Елінің қаһарманы» атағын  Бердымухамедов 2011 жылы алған болатын

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов екінші мәрте «Елінің қаһарманы» атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
 
Бірінші атағын  Бердымухамедов 2011 жылы алған болатын. Гурбангулы Бердымухамедов  «Елінің қаһарманы» атағын Түркіменстан елінің қалауы мен сұрауымен беріліп отыр,-  деді  ел парламентінің мүшелері мен ақсақалдар қауымдастығы.
 
Түркіменстан президенті аталмыш атақпен бірге Түркіменбасшы Гурбангулы Бердымухамедов 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Бұдан былай Гурбангулының жалақысы жүз пайызға өсіп, Түркіменстан төңірегінде барлық көлікпен тегін жүру құқығына ие болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір