• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:37:29
Алматы
+35°

02 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Түркіменстан президенті 8 наурызда әйелдерге ерекше сыйлық жасамақ

28 ақпанда ел президенті 2018 жылдың 1-6 аралығында әйелдерге салтананатты түрде ақшалай сыйлық табыстау туралы бұйрыққа қол қойды.

Түркіменстан президенті 8 наурызға қарсы әйелдерге 11 доллардан ақшалай сыйлық бермекші. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Халықаралық әйелдер күніне орай президенттің қаржылай сыйлығы биыл Түркіменстанның орталық банкінің ресми бағамы бойынша 40 манат немесе 11,4 АҚШ долларын құрайды.

28 ақпанда ел президенті 2018 жылдың 1-6 аралығында әйелдерге салтананатты түрде ақшалай сыйлық табыстау туралы бұйрыққа қол қойды.

Ресми баспасөздің мәліметіне сүйенсек, сыйлық кәсіпорындарда, мекемелерде, түрлі ұйымдарда жұмыс істейтін, сондай-ақ зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдерге беріледі. Студенттер мен оқушылар да сыйлықсыз қалмайды.

40 манат көлеміндегі президенттің сыйлығы елдегі әйелдерге жыл сайын беріледі. Сыйлықты табыстау рәсімі мемлекеттік телевидение арқылы көрсетіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір