• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:33:03
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2017 Әлеумет

Түркіменстан президенті: 2025 жылы «темекіден азат мемлекет» атануымыз керек

Мемлекет басшысының болжамынша 2025 жылы Түркіменстан тұрғындары жаман әдеттерден құтылуы тиіс, деп хабарлайды 

Мемлекет басшысының болжамынша 2025 жылы Түркіменстан тұрғындары жаман әдеттерден құтылуы тиіс, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Түркіменстан президенті Гүрбанғұлы Бердімұхамедов "темекімен күрес" атты ұлттық бағдарламаны бекітті. Бағдарлама мақсаты Түркіменстан 2025 жылы «темекіден азат мемлекет» болуы тиіс, деп жазады «Настоящее время».

Бағдарламаны жүзеге асыруға муниципалды билік те атсалыспақ.

Басылымның мәліметінше, Түркіменстанда темекімен күрес 2011 жылдан бері жүріп жатыр екен. 2 жылдан кейін билік қоғамдық мекемелерде темекі шегуге тыйым салып, тұрғындарды насыбай мен темекіден бас тартуға шақырған.

Алайда, 2016 жылдың қаңтарында Мемлекеттік Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Гүрбанғұлы Бердімұхамедов салауатты қоғам қауіпсіздігінің қызметіне көңілі толмағанын жеткізген. Қызмет басшысы қатаң сөгіс алып, Түркіменстандағы темекі шегуге тыйым салу мәселелерін тез арада қолға алуға көшкен.

Кеңес отырысынан соң-ақ дүкендер мен базарларда темекілер сатылымнан шықты десе де болады. Ал, кейбір жерлерде бір қорабы 13 долларға дейін көтерілді.

Президент Гүрбанғұлы Бердімұхамедов мемлекетте салауатты өмір салтын ұстау шараларын қолға алды. Тіпті, жергілікті арналар президенттің спортпен шұғылданатыны жайында жиі көрсетеді.

18 сәуірде Түркіменстан президенті ресми сапармен 2 күнге Қазақстанға келеді. Келіссөздің мақсаты – екі мемлекет арасындағы серіктестікті арттыратын құжатқа қол қою.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір