• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:11:46
Алматы
+35°

Түрікмен әйелдеріне қиын болатын түрі бар. 17 ақпаннан бері түрікмен полициясы Ашхабад көшесінде көлік жүргізіп келе жатқан әйелдерді тоқтатып, ешқандай себепсіз олардың куәлігін тартып алып жытыр. 17 ақпаннан күні Ашхабабад көшелерінде осындай жиырмадан оқиға орын алған.

Болған жайға қатысты түсінік беруді талап еткендерге полиция өкілдері жауап беруден қашады. Тек «бұл жоғары жақтың бұйрығы» деумен іштен тынатын сияқты. Тіпті полиция өкілдері бет-жүзін бейнекамераға көрсетуден қорқады. Соған қарағанда, шын мәнінде жоғары жақтан түскен жасырын бұйрық болуы ықтимал. Бірақ неге әйелдердің көлік жүргізу куәлігі тартып алынып жатыр, ол жағы тіпті түсініксіз. Соған қарағанда, «түрікмен әйелі бала тауып, от басы, ошақ қасында отыруы керек» деген байырғы түсінік қайтадан  орнығып жатқан болар.

Әрине, мұның барлығы да заңсыздық екені түсінікті. Тіпті көлік жүргізу куәлігін алып қана қоймай, олардың машинасын  айыптұрақ алаңына қойғанының өзі қызық. Ал машинасын айыптұраққа қоюға бас тартқан әйелдердің көлігін эвакуатормен әкетіп жатыр. Демек, қалай айтқанда да жоғары жақтан бір бұйрықтың болғаны рас. Бірақ мұны ешкім де түсіндіріп бере алмайды.

Бұл ғана емес, ел астанасы Ашхабадта сонымен қатар, «Москвич» және  «Жигули» ескі көліктерімен жүруге  де тыйым салынған. Өйткені олар қаланың сәнін бұзады. 2018 жылдың 2 қаңтарынан бастап, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың бұйрығымен  қара түсті көлікпен қала үшінде жүруге мүлде болмайды. Ондай көлік Ашхабадтың ажарын ашпайды.

...Еріккендердің тірлігі ғой. Басшың надан  болса, халқың қайтіп  адам болады?!

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір