• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:11:35
+35°

04 Сәуір, 2017 Фото-баян

Түрік халқы жасырған Осман империясының жантүршігерлік 10 құпиясы (ФОТО)

Осман империясы 400 жылға жуық Түркия жерін, сондай-ақ Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігін, Таяу Шығыс елін билеп-төстеген. Бүгінгі таңда бұл империяға деген...

Осман империясы 400 жылға жуық Түркия жерін, сондай-ақ Еуропаның оңтүстік-шығыс бөлігін, Таяу Шығыс елін билеп-төстеген. Бүгінгі таңда бұл империяға деген қызығушылық артып отыр. Алайда, бірі білсе, бірі білмес. Осман империясының бөгде жұрттан жасырған қараңғы құпиясы аз емес.

Ағайын-бауырлардың бірін-бірі өлтіруі

Осман империясы тұсында таққа үміткер ретінде бауырлар таласатын. Алғашқы онжылдықта кейбір тақ мұрагерлері жау мемлекеттерден пана іздеп, империяға бірнеше жылдар бойы қиын мәселелер туындатып жүрді.

Мәселен, Мехмед патша Константинопольға қарсы соғыс жүргізгенде, оның туған ағасы керісінше Мехмедке қарсы соғыс жүргізген. Мехмед бар мәселені өзінің аяусыз мінезінің арқасында шешіп отырған. Таққа отырған күні-ақ өз туысқандарының ішіндегі еркек атаулының бәрін өлтірткен. Тіпті, олардың ішінде бесікте жаьқан бала да болған. Сөйтіп, Мехмед патша «Менің қай ұлым таққа отырса, өз бауырларын өлтіру керек» деген заң шығарады.

Мехмед III кіші інісі өзін аяуды өтініп сұрағанда, қайғыдан сақалын жұлып алған. Алайда, інісінің айтқандарын елемеген болып, бала басқа 18 бауырымен бірге өлімге кесілді. Ал, Сүлеймен патша болса, өзінің ұлын өлтіріп жатқанын сырттай бақылап тұрған. Себебі, оның билігіне бөгет келтіретін адам болмауы тиіс еді.

Шахзадаға арналған торлар

1617 жылы Ахмет патша қайтыс болған соң бауырлардың бірін-бірі өлтіруі жайында заң күшін жойды. Бауырларын өлтірудің орнына оларды Стамбул қаласындағы Топкапы сарайындағы торда қамап ұстаған. Осман империясының кейбір шахзадалары ол торда өмір бойына қамалғандар да болды. Ол жерде шахзадалардың бар жағдайы жасалғанымен, кейбірі ақылынан алжасып кеткен. Себебі, оларды кез-келген уақытта өлтіруі мүмкін еді.

Тозақпен тең сарай

Тіпті, сұлтан үшін де Топкапы сарайы қара түнектей көрінетін. Себебі, сұлтандар өздерін еркін сезінбейтін. Оларға артық сөйлеуге тыйым салынған. Патшалар көп уақытын тыныштықта өткізген.

Мұстафа I бұл заңды ақылға қонымсыз деп есептеп өзгертпек болған, алайда уәзірлері рұқсат бермеген. Мұстафа I сарай заңдарының кесірінен ақылынан алжасып қалған. Теңіз жағалауына жиі келіп, өзі қажет етпейтін тыйындарды ең болмағанда балықтар қажетіне жаратсын деп теңізге тыйын тастауы осыған дәлел.

Сарайда әр күн сайын бір шытырман оқиға орын алатын. Билік үшін уәзірлер, сарай ақсүйектері, тіпті евнухтардың өзі таласатын. Гаремдегі кейбір әйелдер үлкен құрметке ие болып, соңы «сұлтан әйел» деген атақты алып жататын.

Ахмет III бас уәзірге жазған хатында былай дейді: «Бір бөлмеден бір бөлмеге өту үшін маған адам қарап тұрады. Мен киінсем де күзетшілер аңдып тұрады.Ешқашан жалғыз қала алмаспын».

Жендет қызметіндегі бағбандар

Сарайда қызмет етіп жүргендердің өмірі Осман билеушілерінің қолында болатын. Кез-келген уақытта олар өлім жазасына кесіліп кетуі мүмкін еді. Арызданушы мен қонақтарды қабылдайтын Топкапы сарайы ең жан түршігерлік орын болған. Сарай екі бағаналы болатын, оның бірінде кесілген бастар ілініп тұрған. Сондай-ақ, жендеттердің қол жуатын арнайы орны болған. Сарайда тазалау жұмыстары жүргізілген уақытта құрбан болған адамдардың қорғандары табылатын.

Сарайда патша әулетінен басқа жендеттер кез-келген адамдарды өлтіре алған. Сол үшін көп адамдар патша әулетімен туыс атануға тырысатын.

Жаппай өлімге қию

Айыпталған шенеуніктер тек бір жағдайда патшаның қаһарынан қаша алған. 18 ғасырдың соңында айыпталушыға қатысты мынадай үкім шыққан. Оған жендет беті жабылған екі түрлі шербет ұсынатын, бірі ақ, енді бірі қызыл.  Егер ақ шербет шықса, жаза кейінге қалдырылады. Ал, қызыл түсті шербет шықса, сол сәтте өлім жазасына кесілуі тиіс.

  1. Уәзірлердің өлімі

Егер уәзірлер бір нәрседен қателессе, оларды дереу өлім жазасына кескен немесе жазасын халық берсін деген ниетпен халықтан жиналған топтың арасына тастай салатын. Мәселен Сәлім патшаның кезінде бас уәзір өзінің өлетін күнін сұрағанда, патша «сенің орныңа тағайындалуы тиіс уәзірлер кезекте тұр» деп жауап берген.

Гарем

Топкапы сарайындағы назар аударарлық жердің бірі – гарем болды. Ол жақта сатып алынған немесе ұрлап әкелген күңдерден тұратын 2000-ға жуық әйелдер болған. Ол әйелдер сұлтанға қызмет көрсетуші ретінде ұсталған. Ал, гаремде бөтен адам жүрсе, бірден өлтірілген.

Гаремді басқаратын арнайы евнухтар болған. Гарем жайында ақпарат көп емес. Тек бізге белігілі болғаны, гаремдегі әйелдердің кейбірін сұлтандар тіпті елемеген. Ал енді бірі сұлтандардың назарына ілігіп, гаремдегі құрметі асып түсетін.

Мәселен, Сүлеймен сұлтан украиндық Роксалана есімді сұлу әйелді ессіз сүйіп, өзінің кеңесшісі еткен. Саясат істерінде Роксаланының тигізген үлесі көп болды.

Тағы бір ықпалды әйелдердің бірі – Көсем сұлтан болды. Ол ұлы мен немересі патша болған заманда бірнеше жылдар бойы сарайды басқарған.

Қанды салық

Осман империясындағы ең маңызды ерекшелік девширме деп аталған – империяның мұсылман емес тұрғындарының төлейтін салығы. Христиан отбасыларына белігілі бір дәрежеде салық төлеуге міндеттелген. Ондай отбасыларындағы кейбір жас жігіттер осман империясына құл ретінде алынған. Оларға қинап ислам дінін қабылдатқан. Ал, патшаға адал қызмет еткен жігіттер уәзір дәрежесіне дейін көтерілетін мүмкіндікке ие болған.

Ал қалған жігіттерді 8 жылға фермаларға жұмыс істеуге жіберген. Түрік тілін үйренген. 2  жасқа олған әр азамат ресми түрде әскер қатарына кірген.

Дәстүрге айналған құлдық

Негізі, мұсылман халқын құлдыққа пайдалануға болмайтын. Алайда, ондай заң уақыт өте келе күшін жоя  бастады. Тек христиан құлдарына қарағанда мұсылман құлдарында кішкене болса да еркіндік болған. Олардың сарайда ықпалы тиген. Сонымен қоса, Осман империясындағы құлдарға деген қаталдықтың қаншалықты қатты болғанын айтып өтпеске болмайды.

Миллиондаған адамдар құлдықтың кесірінен өмірден өткен. Алайда, олардың орнын толтырып отырған. Көбіне құлдарды Африкадан әкеліп отырған.

Осман билеушілерінің әділдігі

Сонымен қоса, Осман империясында әділдік болған. Осман билеушілері өздеріне қызмет етушілерді ұлтына, нәсіліне қарап бөлмеген. Тіпті, Испаниядан қуылған еврейлерді паналатқан.Мәселен, сарайды гректер, албандықтар басқарған. Бірақ, қандай да бір қауіпті сезсе, бірден қатаң жаза қолданып отырған.

Сәлім патша Парсылардың агенті деген оймен шейіттерден күдіктенген. Нәтижесінде, империяның шығыс бөлігі түгелдей өлімге қиылды. 19 ғасырда өлген адамдар саны артқан.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір