• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:49:26
Алматы
+35°

01 Сәуір, 2019 Тарих

Түрік кофесі Осман империясын қалай құлатты?

Құранда ынталандыру сусыны жайлы айтылмаған, соған қарамастан сарай діндары «кофеге тыйым салу туралы» пәтуа шығарды.

Кофе Осман империясындағы ең сүйікті сусын түрі саналды. Алайда империя элитасы күнделікті ішетін кофелерінің күндердің күнінде оларды құлдырататынын сезді ме? Өнертанушы Сара Джиляни түрік империясының түбіне жеткен кофе жайлы толығырақ айтып өтіпті.

Кофе Түркияға Сүлеймен сұлтан тұсында келді. Бірде сұлтан көмекшілерінің бірін Йеменге жібереді. Әлгі көмекшісі Йеменнен «кахва» деген атпен танымал сергектік күй сыйлайтын сусыннан дәм татады. Оған сусынның ұнағаны соншалық, өзімен бірге сұлтан сарайына ала кетеді. Сөйтіп сарай «кахва» әзірлейтін маман мен оның он шақы көмекшісіне толығады. Бір қызығы ол кездегі кофе дайындау тәсілі бүгінгі біз ішіп жүрген эспрессоға ұқсайды. Сусын – ащы, қара түсті, бетінде көбігі бар, әрі кішкентай ғана ыдыспен ұсынылған. Аңызға сәйкес, Сүлейменнің жары Хюррем Сұлтан кофенің ащылығын жою үшін бір бір стақан су және рахат-лукум тәттісімен ішкен деседі. Түркия халқында бүгінде жалғасқан осы үрдіс Хюррем сұлтаннан басталған.

Кофехана

Кофені сарайда бәрі ішті, тек шариғатта кофе жайлы айтыла ма? Алғашында мұны ешкім ойланған жоқ еді. Құранда ынталандыру сусыны жайлы айтылмаған, соған қарамастан сарай діндары «кофеге тыйым салу туралы» пәтуа шығарды. Бірақ кофеге деген құмарлықты бұл пәтуа жеңе алмады. Стамұлдағы алғашқы кофехана 1555 жылы салынды. Уақыт өте келе кішігірім дүкендер мен үлкен сауда орталықтарына дейін тұтынушыларына кофе ұсынатын дәрежеге жетті.

Әсіресе кофе ер адамдардың жиналып әңгімелесулеріне жақсы мүмкіндік беретін. Кофе ішіп отырып күннің жаңалықтары айтылды, сол сусынды ішіп отырып, ер адамдар өз жағдайларымен бөлісті, сұлтан жайлы түрлі қауесет те кофе ішіліп отырып айтылды. Кей адамдар сарайдағы жаңалықтарды есту үшін арнайы кофеханаға келетін болды. Тіпті Осман империясына төнетін қауіптер де кофеханада жоспарланды.

Кофехана

Уақыт өте келе билік кофеханалардан төнетін қауіпті сезе бастады. Кей сұлтандар кофеханаларға арнайы тыңшы жіберіп отырды. Осылайша, қарапайым халықтың билік жайлы, сұлтан жайында пікірін білуді мақсат тұтты. Халық сынын көтере алмаған сұлтандар жауып тастауға дейін барды. Бірақ олай істей алмады, себебі кофеханаларға айтарлықтай мол табысқа кенелуші еді. 19 ғасырда Осман империясы аумағында ұлттық қозғалыс күшейе түсті, сол кезде кофеханалардың да табысы еселенді, бұрынғыдан да танымал болды. Империя аумағындағы этникалық топтар тәуелсіздік үшін күресті. Қозғалыс басшылары кофеханаларға жиналып, күрес тактикасын жоспарлады. Кофеханалардың табысы еселей берді. Нәтижесінде, Грекия (1821), Сербия (1835) және Болгария (1878) жылдары тәуелсіздік алып, Түркиядағы кахвенің танымалдылығына нүкте қойылды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір