• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:16:57
Алматы
+35°

01 Желтоқсан, 2018 NEWS

Тұңғыш президент мерекесіне орай 10 822 теңге кімдерге беріледі?

Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға арналған әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 4,5 АЕК құрайды.

Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға 10 822 теңгеден беріледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана  әкімдігінің ресми сайтына сілтеме  жасай отырып. 

1 желтоқсан қарсаңында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қалалықтарға әлеуметтік төлемдер беріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті алатын астаналықтарға беріледі. Бұл санатқа жан басына шаққандағы орташа табыстары кедейлік шегінен төмен азаматтар кіреді. Ол күнкөріс минимумының 50 %-ын құрайды. Астана қаласының Алматы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы Инна Филаретованың айтуынша, елордадағы кедейлік шегі - 16 497 теңге. Жағдайы осы деңгейден төмен адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы көлемінде отбасының әр мүшесіне төленетін қосымша төлемді алуға құқы бар.  Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға арналған әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 4,5 АЕК құрайды.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір