• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:02:40
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2017 Кәсіпкер

Түнгі клубта халықты ислам дұғаларына билеткен диджей жұрттың ашуын келтірді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде түнгі клубта ислам дұғаларынан ремикс жасап, халықты билеткен диджейдің видеосы кеңінен таралды. Тіпті, видеодан диджейдің «азан...

Әлеуметтік желіде түнгі клубта ислам дұғаларынан ремикс жасап, халықты билеткен диджейдің видеосы кеңінен таралды. Тіпті, видеодан диджейдің «азан шақырған» болып айқайлап жатқан дауысын естиміз.

Мәліметтер бойынша, клуб Тунистің курорттық қаласы Набульде орналасқан екен. Видеоны әлеуметтік желіден көргендер наразы болып, қарсы пікірлерін жаудыра түсті.

Осы жағдайдан кейін аталмыш оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды. Набуль қаласының губернаторы Мнауар Уертани мәлім еткендей, жұртты шулатқан түнгі клуб нақты шешім қабылданғанша жабық болады.

Ал клубтың иесі «моральдік нормаларды бұзып, адамгершілік құндылықтарды аяқ асты еткені үшін» қамауға алыныпты.

«Діни наным-сенім мен қадір-қасиетке қастандық жасауға жол бермейміз», - деп мәлім етті Уертани.

Бұл ролик әлеуметтік желіде үлкен дау тудырып, дүйсенбі күні фестиваль ұйымдастырушылары «Фейсбуктегі» жеке парақшасы арқылы жұрттан кешірім сұрады. Айтуларынша, әуенмен ешкімнің діни нанымына қиянат жасап, мазақ қылу ойларында болған жоқ.

Ал басы дауға қалған диджейлердің бірі Dax J: «Менің біреуді ренжітіп немесе намысына тиемін деген ой ешқашан болған емес», - деп мәлім етті.

«Қамшы» ақпараттық агенттігі аталмыш видеоны назарларыңызға ұсынады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір