• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:26:17
Алматы
+35°

17 Қыркүйек, 2018 Әлем

Трамптың тағы не ойлағаны бар?

Дональд Трамп жақын арада құны 200 миллиард долларға тең...

Дональд Трамп жақын арада құны 200 миллиард долларға тең Қытай экспортына қатысты қосымша салық енгізуді жоспарлап отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, АҚШ әкімшілігі бұрын мәләмдегендей 25 пайыз емес, 10 пайыздық баж салығын енгізбек. 

Алайда бұл шараныі қашан жүзеге асырылатынын белгісіз. Трамп Қытаймен сауда келісімін жүргізбей тұрып Пекинге санкцияны күшейтуді жоспарлап отыр. 

Пекин Қытайда жұмыс істейтін американдық компаниялардан технологияларын қытайлық серіктестеріне беруді талап етеді. Вашингтон болса бұл тәжірибеден бас тарту керек деп есептейді.

Бұған дейін Трамп 50 млрд долларға бағаланған қытайлық тауарларға 25 пайыздық салық салған болатын. Ал Қытай болса АҚШ-тың санкциясына санкциямен жауап беріп келеді. Бірақ Қытай үшін кезекті санкция қиынға соғатын секілді. Себебі Қытайдың АҚШ-тан импорттайтын тауарынан, экспорттайтын тауары көп.

Десе де,  Қытайға экспортталатын 60 миллиард долларлық америкалық ет өнімдері, кофе, жиҺаз бен көлік құрал-саймандырына айтарлықтай қауіп төнуі мүмкін.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір