• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:36:48
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2017 Саясат

Трамптың Ресеймен байланыс орнатуына қандай кедергі бар?

АҚШ президенті Дональд Трампқа Ресеймен арада байланыс орнату қиынға соғуда. Екі ел арасында байланыс орнату мәселесі соңғы уақыттары проблемаға айналғаны...

АҚШ президенті Дональд Трампқа Ресеймен арада байланыс орнату қиынға соғуда. Екі ел арасында байланыс орнату мәселесі соңғы уақыттары проблемаға айналғаны  жасырын емес. Осы орайда Қамшы ақпараттық агенттігі Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы туралы американдық сарапшы маманның пікірін оқырман назарына ұсынады.  

«Американдық беделді саясаткерлер мен БАҚ өкілдері де өз кезегінде АҚШ-пен байланысты орнатуына қарсылық білдіруде»- дейді Вашингтондағы Американдық университеттің профессоры, ядролық зерттеулер институтының директоры Питер Кузник.

«Трамптың Ресеймен қарым-қатынас орнату кеңістігі тар. Басты себеп- жалпы медиа да, саясаткерлердің көпшілігі де  РФ-мен байланыс орнауға қарсылық танытуы»-дейді Кузник.

Алайда, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты орнату қаншалықты қиындық тудырса да, қазіргі уақытта орнап тұрған шиеленістің деңгейін төмендету мақсатында біз осы диалогқа мұқтажбыз.

«Біраз уақыт бойы АҚШ пен Ресей арасында Украина мен Сирияда болып жатқан қақтығыстардың есебінен соғыс орнау мүмкіндігі туралы да айтылды. Шын мәнінде, соғыс басталып кете ме деген үрей де туғаны рас»-дейді сарапшы.

Трамп президенттіке үміткер болғанда Ресей туралы көптеген жақсы нәрселер айтты, үміт бар еді.. Ал президент болып сайланып алған соң басқаша сөйледі. Сайлау алды кампаниясында айтылған сөздері далада қалғандай болды. Ол президент ретінде өз-өзіне кереғар келеді.

«Мен өзімнің Ресейдегі достарымды алдын-ала ескерткен болатынмын, Трамптың сөздеріне сенбеуге шақырдым»-дейді Кузник.  Сарапшы Ресейді Трамтың айтқан сөздері тым әсерлі, жағымды болса да оған сенбеуге шақырды.

 

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір