• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:29:33
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2019 NEWS

Трамптың қарны ашып жүр: АҚШ президенті Twitter-де күлкіге қалды

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-ге жазба қалдырамын деп тағы да басы дауға қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-ге жазба қалдырамын деп тағы да басы дауға қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tmz.com сайтына сілтеме жасап.

Өйткені оқырмандар президенттің жазбасынан грамматикалық қате тапқан.

«Трамп ешқашан өзінің жазбаларын бұлай тәтті күйінде ұсынған емес. Ол президенттікке өзінің наразылығын білдіргеннен кейін, «ұрланды» деген сөздің орнына байқаусызда мерекелік дастарханға қоятын тәтті туралы жазып кеткен», - деп баяндады tmz.com сайты.

5 мамыр күні Америка президенті, арнайы прокурор Роберт Мюллер оның Ресеймен «сыбайластығын» анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізгендіктен, президенттігінің екі жылы босқа ұрланғанын жазбақ болған.

Алайда, stolen (ұрланған – ред.) сөзін, америкалық басшы stollen деп жазған. Бір әріп қате кеткен сөздің мағынасы бірден өзгерген. Өйткені, stollen немістерден келген тәтті нанның атауы. АҚШ-та бұл тағам Рождество кезінде жиі жасалады.

Бір әріптің артық жазылғанын байқаған Трамптың оқырмандары, президенттің қарны ашқан болар деп, бірден тәтті нанның қалай дайындалатыны туралы күлкілі пікірлер қалдырған.

Кейін Трамп твитердегі жазбасындағы грамматикалық қатені бірден түзеткен.

Дональд Трамп

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ наурыз айында Трамптың Twitter-дегі жазбаларының жинағын жасаған болатын.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір