• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:42:34
Алматы
+35°

21 Шілде, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Трамптың Путинге неге емешегі үзіліп тұрады екен?

АҚШ президенті Д. Трамптың Хелсинкидегі Ресей президенті В.Путинмен кездесуін әлем ақпарат құралдары сан саққа жүгіртті

Жалпы, АҚШ президенті Д. Трамптың Хелсинкидегі Ресей президенті В.Путинмен кездесуін әлем ақпарат құралдары сан саққа жүгіртіп, алуан әңгімелердің тиегі ағытылғаны айқын.

Мұндағы Путиннің АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына ықпал еткені анық болды. Ресей президенті қашанғы әдетінше бұл ақпаратты жоққа шығарып, бет бақтырмаса, ал, Трамп болса,  біресе Путинді ашық қолдап, біресе, енді Путинді аямаймын деген сыңайда қоқан-лоқы көрсеткен мінезі де түсініксіз күйінде қалғандай...

АҚШ президенті кенет 180 градусқа кілт бұрылып, Путинді АҚШ-қа осы күзге ресми шақырғаны тағы қызық. Әйтеуір, АҚШ президенті Ресей президенті десе, салмағынан айрылып қалатыны тағы да түсініксіз күйінде қалап отыр...

Ал, АҚШ конгресі(бізше парламенті) Ресейге санкцияны күшейту туралы айта бастады. АҚШ-тың заңы бойынша мың жерден президент болса да, конгреске ашық қарсы шыға алмайтыны тағы бар.

Ресейде немесе біздегі сияқты мәңгілік көсемдер билікте отырғанда, ондай демократ депутаттарды осындай қадамға барғаны үшін сол сәтте күштеп таратып жіберіп, ұйымдастырушылардың соңынан шырақ алып түсетіні өтірік емес қой...

Ал, осыған қарағанда мұқиттың арғы жағындағы АҚШ-та нағыз демократияның салтанат құрғаны рас болса керек(бұл әрине біз сияқты сары ауыз мемлекеттер үшін арман)!..

Трамптың неге Путинге соншалықты емешегі үзіле қалтының сыры неде екен?..

Бұл да  біз үшін жұмбақ болып қалып отыр...

Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір