• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:36:12
Алматы
+35°

09 Қазан, 2017 NEWS

Трамптың әрекеті үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеп соғуы мүмкін

Боб Крокер: «Ақ үй – үлкен адамдарға арналған балабақшаға айналыпты».

Америкалық сенатор, халықаралық істер комитетінің басшысы Боб Коркер өзінің сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың өзге елдерді қорқытуы үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеп соғуы әбден мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі New Youk Times басылымына сілтеме жасап.

Сенатордың айтуынша, Трамп өзінің Ақ үйдегі қызметіне реалити-шоудың қатысушысы ретінде қарайды. «Ол мені уайымдатады. Дональд Трамп АҚШ халқының бәрін уайымдатады», - дейді сенатор.

Боб Коркер сонымен қатар Ақ үй басшысының Twitter желісіндегі жазбаларына қатысты да наразылық білдірді, Трамп өзінің жазбалары арқылы АҚШ-тың дипломатиялық қабілетін нұқсан келтірді деп айыптады.

Бұған дейін Боб Коркер 2018 жылы өтетін аралық сайлауда үшінші алты жылдық мерзімге қайта сайланбайтынын мәлімдеген болатын. Дональд Трамп сенатордың бұл шешіміне қатысты: «сенатор сайлауға қатысуға қабілеті жетпейді», - деп пікір білдірген болатын.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Коркердің мемлекеттік хатшы қызметіне сайлану ұсынысынан бас тартқан және де Боб Коркерді Иранмен ядролық келісімге қатысты деп айыптаған.

Трамптың бұл хатына Крокер былай деп жауап берді: «Ақ үй – үлкен адамдарға арналған балабақшаға айналыпты».

Соңғы уақыттарда Вашингтон Пхеньянға қатысты түрлі мәлімделер айтып жүр. АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-ға қатысты: « егер ол АҚШ-қа қауіп төндіретін болса, КХДР-ны түгелімен жоқ қылып жіберемін» деп айтқан болатын. Оған жауап ретінде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Америкаға қарсы тарихта болмаған шаралар қабылдауға уәде еткен еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір