• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:33:07
Алматы
+35°

27 Тамыз, 2018 Әлем

Трампты халқы табалап жатыр, бұл жолы мемлекеттік ту үшін

Трамп Огайодағы балалар ауруханасының біріне барып, аурып жатқан балалардың көңілін сұрап қайтыпты.

АҚШ президенті Дональд Трамптың басы тағы дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары "президент мемлекеттік тудың қалай бейнеленетінін білмейді" деп күдіктеніп отыр.

Трамп Огайодағы балалар ауруханасының біріне барып, аурып жатқан балалардың көңілін сұрап қайтыпты. Сапардан суреттерді АҚШ денсаулық сақтау министрі Алекс Азар Twitter-дегі парақшасына жариялады. Мұнда желі қолданушыларының назарын аударған Трамптың сауапты ісі емес, балалармен бірге салған мемлекеттік тудың суреті. Министр жариялаған фотолардың бірінде президент тудың қызыл түске боялу керек тұсын көкпен бояғаны байқалады.

ТрампТрамп

«Трамп америкалық тудың қалай бейнеленетінін де білмейді. Мектептегі тапсырманы орындап жатқан секілді», - деп жазды mirandayaver есімді Twitter қолданушысы.

Трамп

«Бұл бірінші күні ғой. Балабақшаны бітіріп алсын, бірнәрсе үйренер», - деп жазды @Subachef есімді қолданушы.

Енді бірі Ақ үй басшысы АҚШ емес, Ресейдің туын салғысы келген болар деп жатса, өзгесі Нидерландтың туын салды деп сөз етті.

Желі қолданушыларының арасында Трампты жақтағандар да болды. Туды салған балалардың бірі болар, ал Трамп соны жай ғана бояғысы келген деп мазақ еткендерді сабырға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір