Трампты тұңғиықтан алып шыққан қазақ тыңшысы (фото)

Трампты тұңғиықтан алып шыққан қазақ тыңшысы (фото)
Ⓒversia.ru

2018 жылдың 21 желтоқсанында америкалық Foreign Policy сайтында Майкл Хирш есімді журналист "How Russian Money Helped Save Trump’s Business" деген тақырыппен мақала жариялады. Аталмыш мақалада Трамптың бизнес жолында қандай қиындықтарды бастан өткергенін және оның құрдымға кеткен бизнесін құтқарып қалған ресейлік инвесторлармен қатар қазақстандық кәсіпкер Ариф Тевфрик туралы жазған. Аталмыш мақаланы Qamshy.kz ақпарат агенттігі аударып, оқырман назарына ұсынады. 

Жиырма жылға созылған қаржылық қиындықтан кейін ешқандай америкалық банк Трампты қолдай қоймады. Кейін ол шетелдік ақшаны пайдалана бастайды.

Трамп 1992 жылдың күзінде ірі америкалық банкпен миллиард долларлық мәмілеге қол қояды. Дональд Трамп өзінің қайта оралғанын мәлімдеу үшін Атлантик-Ситиде дүркіретіп кеш өткізеді. Келген қонақтарға Трамптың суреті бейнеленген таяқшалар беріледі. Көңілі көтеріңкі мейман таяқшаны ұстап суретке түскен.

«Рокки» фильміндегі музыка қосылып тұрған кезде кештің жүргізушісі «Бұл әнді корольдің құрметіне тыңдайық» деп айғайлапты. Осы сәтті күткен Трамп бокстасуға арналған былғары қызыл қолғаппен, боксшының рингке киіп шығатын халатын жамылған күйде қағаздан жасалған экранның ішінен шыға келеді. Дүркіретіп той жасап жатқан Трампты шын мәнісінде алда талай қаржылық мәселе күтіп тұрған болатын...

Шын мәнінде, Трамп жылжымайтын мүлік салушы, ірі құрылысшы ретінде бизнес жолын аяқтайды. Бұған АҚШ банк секторы себепкер болыпты. 1990 жылдың басында ол кейбір іскерлік мәселелердің оң шешімін табу арқылы әкесі Фредтен қалған өз үлесін аман сақтап қалады. Оның екі кәсіпорыны, атап айтқанда Атлантик Ситиде орналасқан "Трамп Тадж-Махал" казиносы және Нью-Йоркте орналасқан "Плаза" қонақ үйі банкротқа ұшырайды. Сондай-ақ араға аз уақыт салып Трамп тағы да 2 рет кәсіпорынның банкрот болғанын жариялаған екен. Қарыз алушылар бірнеше рет кредиторлардан көмек сұрап, қорғауды өтінген кезде ол өз беделінен айырыла бастайды. Яғни, ол ірі қарыз беруші кредиторларға сүйкімсіз көріне бастайды. Дәл сол сәтте Трамптың жағдайы нашарлаған, беделінен жұрдай бола бастайды.

90-жылдың соңына дейін Трамптың өмірі қиын болады. Кейін ол өзіне қолдау көрсетпеген ірі компанияларға қарсы шығып, олардың жолдарын бөгейді.

«Ол 10 жылға демалыс алды және жан жарасын емдеп жазғысы келді»,- дейді  Антонио есімді Трамптың биографы. Сондай-ақ 2003 жылы Трамп қайтадан қаржылық қиындыққа тап болады. Ол тіпті бауырлары мен қарындастарымен кездесіп, қайтыс болған әкесінің мүлкін сатуға байланысты асығыс шешім қабылдай бастайды. Кейіннен оның бизнесі мүлдем құрдымға кетеді. 2004 жылы қонақ үйі мен "Ресорс" казиносы 1,8 млрд доллар қарызбен банкрот болғанын мәлімдеуге мәжбүр болады.

Трамптың бизнесін зерттегендердің пікірінше, ол шетелдік ақшаның көмегімен бизнестің шыңына қайта шыққан. Атап айтқанда, Трамптың бизнесін өркендеп, қанат жаюына Ресей мен Кеңестік мемлекеттердің қосқан үлесі зор болған. Кеңестің мемлекеттердің ішінде Қазақстаннан шыққан бизнесменнің де үлесі қомақты. Бұған Дональд Трамптың ұлының 2008 жылы айтқан сөздері дәлел. Ол Трамп ұйымының өркендейтінін, себебі ресейліктердің актив үлесі мол екендігін ашық айтып қалады.

Сонымен бірге бұрын Трамптың қол астында архитектор болып жұмыс істеген Алан Лапидус те осыған байланысты пікір білдірген.

«Ол АҚШ-та ешкімді өзіне бірнәрсе беруге мәжбүрлей алмады. Ол қаражаттан қысылып жүрген кезде барлық ақшаны шетелден, яғни Ресейден алды. Оның Ресеймен қарым-қатынасы өзі ойлағаннан да тығыз»,- дейді Алан Лапидус.

Шетелдік ақшалар алғашында жаңа серіктестіктің бастауы болды. Бұл туралы аты-жөнін жасырып қалғысы келген Трамптың бұрынғы серіктесі былай дейді:

«Мен Трамптың шетелдік қаражатты пайдалануы басқа америкалық банктер үшін тиімсіз болды деп ойлаймын. Тіпті Трамптың сол кезде керемет идеялары да болған емес. Сол себепті ол өзіне «Мен әлем үшін не істей алдым?» деген сұрақты жиі қойды. Кейін «Мен жай ғана басқа адамдарға менің жасаған брендімді сатып алуға көндірдім. Менің брендімді сатып алғысы келгендер тек талғамсыз ресейліктер болып шықты. Олар өздерінің өмірін керемет етіп көрсеткісі келеді. Бар болғаны сол. Әйтпесе, сендер бұл марканы Гринвичте, Каннектикут штатында сата алмайсыңдар дейтін".

Ал Гвенд Блэр Трамптың сол кездегі жағдайын "Титаник" оқиғасына теңеді.

«Бір сәтте ол суға батып бара жатқан "Титаник" секілді болды. Алайда, бір мезетте барлығы өз қалпына келді» деп суреттейді Блэр.

Бұл оқиғалардың барлығы  Трамптың соңғы болжамды мәлімдемесі мен ресейліктердің қастандығының мәнін аша түседі. Президенттік науқан кезінде Трамптың адамдары, оның ішінде ұлы, қызы және күйеу баласының 14 ресейлікпен байланыс орнатуының өзі алғашында біртүрлі түсініксіз болып көрінді. Тіпті 2015 жылдың қазан айында Трамптың адвокаты Майкл Коэнге ресейліктің Ресей мен Трамп компаниясының арасында саяси байланыс орнатуға ұсыныс жасауы да күдік туғызады. Шын мәнісінде бұл жайттардың барлығы 20 жылға созылған ресми байланыстардың нәтижесі болып табылады.

Трамптың бұрынғы серіктесі мен Трамп ұйымының ішкі жұмыстарымен таныс адамдарының сөзінше, Трамптың жұмысы 2000 жылдардың басында Bayrock Group-пен бірге басталды. Бұл компания Трамп жалдаған офистен 2 қабат төмен орналасқан. Трамптың траекториясын өзгертуге септігін тигізгендердің бірі - бұрынғы советтік дәуірде шенеунік болған Тевфик Ариф болатын. Екіншісі, ресейлік бизнесмен - Феликс Сатер. Ол 1990 жылы алаяқтық жасағанын, орыс мафиясымен қоян-қолтық жұмыс істегеніне өкінеді.

Бэйроктың көмегімен Трамп құрылысшыдан брендке айналды. Ол өзін және өзінің бизнесін қайта қалыптастырады. Бэроктың бұрынғы басшыларының сөзінше, Бэйрок Трампқа бұрынғы ірі банктерді ғана қайтарып қойған жоқ, сондай-ақ оның бұрынғы акциясын, бұрынғы мүлкін де қайтарып беруге септігін тигізеді. Трамптың жаңа ірі жобалары да инвесторлардың назарына іліге бастады. Ең ірі жобаның бірі -Trump SoHo болған. Бұл қонақ үй 2010 жылы ашылған болатын. Сонымен бірге аталмыш жоба да ресейліктердің ақшасымен қаржыландырылған деген де бейресми дерек бар. Бұл келісім Трампқа 18 пайыздық акцияны иеленуге мүмкіндік берді. Бұл ақпараттарға қатысты Трамп әлі нақты пікір білдіре қоймады.  Бірақ Трамп Сохоға қатысты сот отырысы кезінде Трамп бұған Бэйроктың да қатысы барын айтып қалады. "Себебі Кеңестік кезеңдегі инвесторлардың бірі Арифпен жақын араласқан Бэйрок болды. Себебі  Ариф потенциалды ресейлік инвесторлардың назарын аудара білген. Бұл Бэйрок үшін тиімді еді. Бэйрок адамдарды да, инвесторларды жазбай тани біледі», - дейді Трамп.

Ресейліктермен қарым-қатынасы Трамптың президент лауазымына келер шағында да кері әсерін тигізбей қоймады. Жалпы алғанда Трамп бизнесінің өркендеуіне қазақстандық Тевфрик Арифтің де қосқан үлесі бары ақиқат. Енді "Тевфрик Ариф деген кім?" деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Ариф Тевфрик

Теврик Ариф 1953 жылдың мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол бүгінде танымал түрік және америкалық миллиардер. Әлем футболын бақылаушысы және беделді инвестор. Ариф Мәскеу университетінде халықаралық қатынастар мамандығын бітірген. Кеңес Одағы тараған кезге дейін ССРО-ның сауда министрлігінде қызмет атқарған. Министрлікте қонақ үй өнеркәсібі басқарма директорының орынбасары болған. 1991 жылы Ариф министрліктен кетіп, экспорт-импорттық бизнеске негізделген сауда компаниясының негізін қалайды. Аталмыш компания сирек кездесетін металлдар мен хромды сатылымға шығарған.

Ариф Дэвид пен Саймонның басқаруындағы Trans World Group компаниясының Қазақстандағы тыңшысы болып қызмет атқарған. Аталмыш компанияны Қазақстандағы табиғи ресурстары қызықтырған. 1993 жылы Ариф Түркияға көшіп кетеді. 1999 жылдан бастап ол Түркиядағы Alset Dis Ticaret атты зергерлік компанияны басқарған. Сондай-ақ Антальядағы Labada люкс-қонақ үйін ашу үшін ол 1999 жылы Rixos қонақ үй желісімен серіктесі болды.

Тәуелсіздіктен кейін Ариф пен оның бауыры басты офисі Ұлыбритания жақта орналасқан Ақтөбедегі хром зауытын басқарды. Бұл уақыттары ағалы-інілі екеуі қазақтың үштігі атанған Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрахимовпен қарым-қатынасын нығайта түсті.

Тағы бір айта кетерлігі, Трамптың демеушілерінің қатарында Александр Машкевич, Патох Шодиев пен Алиджан Ибрахимов та бар. Ал бейресми деректерге сүйенсек, Ариф Тевфрик қазір Түркияда тұрып жатыр.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Мақпал Мыса. Жүрек түбіндегі жаңғырық (сұхбат)
    17/02 16:59 0 146
    2
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    16/02 23:20 0 151
    3
    Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
    16/02 14:08 0 1863
    Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
    16/02 13:42 0 361
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    16/02 10:42 1 412

    Таныстырылғандар

    Сіз осы бес түрдің қайсысына жатасыз?
    Сіз осы бес түрдің қайсысына жатасыз?
    Сіз осы бес түрдің қайсысына жатасыз?
    Адам табиғаты әр түрлі.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 15:14 0 1363
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 17:38 0 554
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)
    1998 жылы АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан 10 жастағы балалының мәйіті табылған.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 18:47 0 12168
    Сіз қазақ келіні секілді британ королі әйелдерінің  де "сәлем салатынын" білесіз бе?
    Сіз қазақ келіні секілді британ королі әйелдерінің де "сәлем салатынын" білесіз бе?
    Сіз қазақ келіні секілді британ королі әйелдерінің де "сәлем салатынын" білесіз бе?
    "Келін сәлем салып тұрғанда өзінің келін, ана, ене екенін сезіп отырады. Сондықтан бұл дәстүрді мүмкіндігіміз келгенше сақтау қажет".
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 16:29 0 1273
    Жарқанат құрлы жоқпыз ба?
    Жарқанат құрлы жоқпыз ба?
    Жарқанат құрлы жоқпыз ба?
    Жарқанаттардан сонша қорқудың қажеті жоқ. Қайта олар мейіріді жаратылыс иесі.
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 09:55 0 454
    Министр Қасымов қызметінен кетті
    Министр Қасымов қызметінен кетті
    Министр Қасымов қызметінен кетті
    Елбасының жарлығымен Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 15:24 10 2842
    Мәртебелі биігіне көтерілген қара шаңырақ
    Мәртебелі биігіне көтерілген қара шаңырақ
    Мәртебелі биігіне көтерілген қара шаңырақ
    Унивeрcитeт тoлығымeн хaлықaрaлық cтaндaрттaрғa жaуaп бeрeтін білім бaғдaрлaмacынa көшкeн.
    12/02/2019 17:08 0 183
    Атышулы Ильяс Кар: Оқиға орнынан қашып кету ойымда да болған жоқ
    Атышулы Ильяс Кар: Оқиға орнынан қашып кету ойымда да болған жоқ
    Атышулы Ильяс Кар: Оқиға орнынан қашып кету ойымда да болған жоқ
    Алматы қаласындағы үш адамның өліміне себепкер болған Ильияс Кар өзіне тағылған айыптың кейбірімен келіспейтінін айтты
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 20:18 0 1074
    Келгендерге ақы төлеп, үй беріп, жұмысқа орналастыратын 14 ел (фото)
    Келгендерге ақы төлеп, үй беріп, жұмысқа орналастыратын 14 ел (фото)
    Келгендерге ақы төлеп, үй беріп, жұмысқа орналастыратын 14 ел (фото)
    Аталмыш ұсыныстар әртүрлі елдегі көптеген адамның қызығушылығын оятты. Тұрғындар негізінен фермерлікпен айналысады, үй жануарларын бағады.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 08:41 0 2149
    Үш адам қаза тапқан жол апаты: күдікті сол түні әйелімен ұрысып қалған
    Үш адам қаза тапқан жол апаты: күдікті сол түні әйелімен ұрысып қалған
    Үш адам қаза тапқан жол апаты: күдікті сол түні әйелімен ұрысып қалған
    Сот отырысында барлық тарап тыңдалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 18:04 0 4528
    Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
    Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
    Қайтыс болғанда жақсы жер бұйырсын десеңіз, зейнетақы қорыңызға көбірек қаржы жинаңыз
    Дүниеден өткен адамның зейнетақы қорына жиған қаржысы туыстарына толық қайтарылады
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 11:04 0 1575
    Алматылық жігіт Лениннің «қансыраған» басын балтамен шаппақ (видео)
    Алматылық жігіт Лениннің «қансыраған» басын балтамен шаппақ (видео)
    Алматылық жігіт Лениннің «қансыраған» басын балтамен шаппақ (видео)
    Әлеуметтік желіде Алматылық жігіттің видеосы таралып, талқыға түсті
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 15:09 0 5279
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    Жапон суретшісінің елді қаратқан ерекше суреттерін көрдіңіз бе?
    Адам ақыл иесі болған соң, кез келген сезім атаулыны жүрек арқылы өткізіп, не мінезімен, не шығармасымен, не әлдебір туындысымен көрсетіп жатады.
    Аудио тыңдау
    16/02/2019 10:24 0 607
    «Нұр Отанның» бастамасымен бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі іске қосылды
    «Нұр Отанның» бастамасымен бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі іске қосылды
    «Нұр Отанның» бастамасымен бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі іске қосылды
    Қазіргі таңда партияның еліміз бойынша 230-ға жуық қабылдау бөлмесі бар
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 19:46 0 1871
    Әлемдегі ең үздік 15 туристік нысанның алыстан түсірілген көріністері (фото)
    Әлемдегі ең үздік 15 туристік нысанның алыстан түсірілген көріністері (фото)
    Әлемдегі ең үздік 15 туристік нысанның алыстан түсірілген көріністері (фото)
    Әлемдегі адамзатты өзіне шақыратын ерекше нысандардың алыстан түсірілген көріністері
    Аудио тыңдау
    16/02/2019 10:23 0 526