• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:48:21
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019 NEWS

АҚШ президенті Дональд Трамп полиция қызметкерлерін жазым еткен жауыздарды өлім жазасына кесуді ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Президент бұл туралы қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алу кешінде айтқан.

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларына жасалатын шабуылдарды азайту үшін, полиция қызметкерлерін өлтірген қылмыскерлерді "жедел" түрде өлім жазасына кесуді ұсынды.

"Полиция қызметкерлерін өлтірген қылмыскерлер сот шешімімен жедел түрде өлім жазасына кесілуі керек. Сот процессі әділ әрі, жылдам өтуі қажет",-деді президент өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп Питтсбургдегі қанды оқиғадан кейін, елдегі өлім жазасы туралы туралы заңды қатаңдандыруды ұсынған болатын. 2018 жылы Питтсбургде синогога ғимаратына баса-көктеп кірген қылмыскер құлшылық етіп отырған 11 адамды өлтірген, оның ішінде 4 полицей қаза тапқаны белгілі. 

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір