• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:24:52
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Саясат

Трамп Роуханиге тап берді

Трамп твиттерде «Біз сендердің зорлық пен өлімге байланысты сөздеріңнен сескенетін мемлекет емеспіз. Абай бол!», деп жазды.

Иран президенті Хасан Роуханидың АҚШ президенті Дональд Трампқа қарата айтқан сөзіне Трамп та адуынды жауап қатты.

«Бұдан былай мүлде АҚШ-ты қорқытушы болма, олай етсең тарихта бізді қорқытқандардың тағдыры басыңа келеді», деді Трамп.

Роуханидың иран астанасы Тегеранда өкілетті елшілер мен өкіл дипломаттарды жинап ««Трамп мырза, біз мейірбан халықпыз. Ызаландырмаңыз, отпен ойнамаңыз. Сіз бұған өкінетін боласыз. Америка Иранмен бейбітшілік — бәрімен бейбітшілік, Иранмен соғыс — барлығымен соғысу» деген сөз екенін білуі керек», - деген мәлімдемесін жазған едік.

Трамп твиттерде «Біз сендердің зорлық пен өлімге байланысты сөздеріңнен сескенетін мемлекет емеспіз. Абай бол!», деп жазды.

Роухани дипломаттармен кездесуінде Трампты «шетелдік қанаушы» деп сипаттап, «Саясаттан біраз болсын түсінетін адам Иранның мұнай экспортын бөгейміз дей алмас. Көптеген бұғаз бар. Ормуз бұғазы солардан бірі ғана» деген еді.

8 мамырда Трамп АҚШ-тың ядролық келісімді үзетінін, Иранға бұрынғы санкцияларды қайтарып қана қоймай жаңа санкциялар салатынын мәлімдеген. Оған қоса Иранмен мұнай саудасын жасайтын елдерге де қауіп төнетінін ескерткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір