• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:37:54
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 Әлем

Трамп пен Путиннің кездесуі: Трамп неге сынға қалды?

Америкалық саясаткерлер Путинмен кездескен Трампты жаппай сынға алды.

16 шілдеде Финляндияның Хельсинки қаласында АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі басталды. Трамп пен Путинді Финляндия президенті Саули Нининисте Президент сарайында қарсы алды.

Кездесу барысында Трамп Путинді әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады. Әрі сауда, ядролық қару, екі ел арасындағы қарым-қатынас, халықаралық мәселелер сөз болды.

Трамп екі жақты келіссөздердің жоғары дәрежеде өткенін, дәл мұндай нәтиже күтпегенін мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездескен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров та келіссөздердің сәтті өткенін айтты. «Бәрі мен ойлағаннан да керемет болды», - деді ол.

Президент сарайындағы жағдайды BBC былай сипаттады: саммиттің басында екі президенттің де қабағы қатулы болды. Тіпті бір-біріне қараған да жоқ. Ұзақ әңгіме және ауқымды келіссөздерден соң көңілдері жайланды. Баспасөз мәслихаты барысында екеуінің де көңілдері көтеріңкі болды. Журналистердің сұрақтарына бір-бірімен «жарыса» жауап берді.

Ал америкалық саясаткерлер Путинмен кездескен Трампты жаппай сынға алды.

Хельсинкидегі саммиттен соң Путинмен баспасөз конференциясын өткізген Трамп арнаулы прокурор Роберт Мюллердің тергеуін Америка үшін «қасірет» деп атады.

Америкалық республикашыл сенатор, қарулы күштер комитетінің мүшесі Линдси Грэм әдетте Трампты қолдайтын. Бірақ Трамптың дүйсенбі күнгі мәлімдемелерін АҚШ-тың «әлсіздігі» деп бағалады.

Грэм Twitter парақшасына: «Президент Трамп Ресейді 2016 жылы сайлауға араласқаны үшін жауапқа тартып, алдағы сайлауға араласпау жайлы қатаң ескерту жасау мүмкіндігін жіберіп алды. Трамптың мұндай мәлімдемесін Ресей әлсіздік деп түсінеді. Мұның шешкенінен гөрі тудырған мәселесі көп» деп жазды.

Республикашыл сенатор Джон Маккейн «Хельсинкидегі баспасөз конференциясы – Америка президентінің тарихтағы ең масқара болған кезі. Трамптың аңғалдығынан, өзімшілдігінен, шындықты бұрыс қабылдауы мен авторитарлы басшыларға сыңаржақтығынан келген залалды бағалау қиын» деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір