• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:37:22
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2017 Саясат

Трамп пен Оңтүстік Корея президенті КХДР-ге қысым көрсетуге уағдаласты

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі КХДР қатысты жаңа экономикалық санкцияларды салуды бірауыздан қолдады

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақ үй басшысы өзінің Твиттер парақшасында жазды.  

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің оңтүстік кореялық әріптесі Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесу барысында, Оңтүстік Кореяның БҰҰ Пхеньянға санкция салуға дауыс бергенін қолдағанына дән риза болғанын айтқан.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі КХДР-ге қатысты жаңа экономикалық санкцияларды салуды бірауыздан қолдады. АҚШ-та жасалған қарар, КХДР-дың экспортты кірісін қысқарту – көмір, темір, қорғасын және теңіз өнімі саудасына тыйым салу арқылы жүзеге асуға бағытталған.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір