• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:20:37
Алматы
+35°

31 Қаңтар, 2017 Саясат

Трамп «Green Card» иегерлерінің Америкаға келуіне тыйым салу жарлығының күшін жойды

Американың Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеме жариялап, миграциялық жаңа шектеулердің сол елде тұру туралы ықтиярхатқа ие шетелдіктер мен "Green...

Американың Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеме жариялап, миграциялық жаңа шектеулердің сол елде тұру туралы ықтиярхатқа ие шетелдіктер мен "Green Card" иегерлерін қамтымайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Parstoday хабарлады.

Осы тақырып АҚШ президенті Дональд Трамптың босқындар мен жеті ислам елі азаматтарының Америкаға кіруіне тыйым салу жөніндегі жарлығын орындаудан туындаған мәселелерден кейін жарияланды. АҚШ үкіметінің жоғары деңгейлі бір басшысы осы жарлықтың "Green Card" иегерлерін қамтымайтынын айтты. Американың Ішкі қауіпсіздік министрлігі сондай- ақ Америкада заңды түрде тұруға рұқсат етілген ықтиярхаты бар және "Green Card" қолдану арқылы  сапар шегетін кісілерге Америкада қалуға рұқсат етілетінін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір