• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:09:09
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2019 Саясат

Трамп: Еуропа саясатын Мәскеуге тәуелді етпеу керек

"Тек ақымақ адамдар келіссөздер жүргізбейді", - деді американдық лидер.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді жау санамайды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ТАСС сайтына сілтеме бере отырып жазады.

Мемлекет басшысы Берлиннің НАТО алдындағы міндеттемелеріне сәйкес әскери шығындарды ЖІӨ-ді 2 пайызға дейін көтеруді қаламағаны үшін Германия саясаты туралы сөз етті. Оның айтуынша, Германия "Солтүстік ағын-2" газ құбырын салу үшін ай сайын Ресейге миллиардтаған доллар төлейді.

"Күтілгендей, біз Германияны Ресейден қорғауымыз керек. Бірақ Германия «жау» деп аталатын мемлекетке құн төлейді екен", - деді Трамп, сөзін жалғай  отырып Мәскеуді өздеріне қарсы қойғысы келмейтінін айтты.

Ол Мәскеу және Пекинмен қарым-қатынасты жақсартқысы келетінін мойындады. "Тек ақымақ адамдар келіссөздер жүргізбейді", - деді американдық лидер.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео айтқандай, Америка "Солтүстік ағын-2" құрылысын аяқтауға жол бермеу керек. Оның пікірінше, жобаны жүзеге асыруы Еуропа саясатын Мәскеуге тәуелді қылады.

"Солтүстік ағын-2" - бұл Ресейден Германияға Балтық теңізінің түбінен салынып жатқан газ құбыр жобасы. Ол Финляндия, Швеция және Данияның аумақтық сулары немесе экономикалық аймақтары арқылы өтеді.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір