• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:03:15
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 Саясат

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия күрдтерге тиісетін болса, ол елдің экономикасын күйрететінін айтып ескертті. Сонымен қатар, күрдтер де Түркияның жынына тимесе екен дейді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі 5-tv.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ президенті өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында былай деп жазады: «Сириядан АҚШ әскерлерін шығару жұмыстарын бастап кеттік. Ара-тұра әр жердегі ДАИШ содырларына қарсы соққы да жасаудамыз. Егер олар алдағы уақытта тағы да бас көтеретін болса, жақын жердегі әскери база арқылы оларға тойтарыс береміз. Егер Түркия күрдтерге тиісетін болса, оның экономикасын күйретеміз».

Дональд Трамп, сонымен қатар, күрдтер де Түркияны ашуландырмауы керек екенін айтады және осы мәселеге қатысты 30 шақырымдық қауіпсіздік аймағын құруды жоспарлап отыр.

Трамп

Сенатор Линдси Грэманың айтуынша, Трамп Түркия мен күрдттердің қарулы күштері соқтығысып қалмас үшін Сириядан әскерлерін шығару жұмыстарын кешеуілдеткен болатын.

Сириядан АҚШ әскерлерін шығаратынын Дональд Трамп өткен жылдың 19 желтоқсанында мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір