• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:53:08
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

Трамп: Боққа батқан елдің адамдарын біз не үшін қабылдауымыз керек?

Басты тақырып жас кезінде Америкаға ата-аналары алып келген мигранттарды заңдастыру мәселесі болған

Бейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамптың Гаитидан және Африка континентінен келген иммигранттарды сынауы Конгресс мүшелерінің наразылығын туғызды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ  мәліметіне сүйеніп.

Ақ үйде заң шығарушылармен иммиграция саясатына қатысты кездесу кезінде президент «Боққа батқан елдің адамдарын біз не үшін қабылдауымыз керек?» деген.

Бірқатар заң шығарушы-демократтар президенттің сөздеріне наразы болып, оны нәсілшіл деп атаған. Ал республикашыл депутаттар президенттің сөздеріне көңілі қалғанын айтқан. Бұл жәйтті The Washington Post сенімді дереккөзі арқылы бірінші бетке жариялаған.

Басты тақырып жас кезінде Америкаға ата-аналары алып келген мигранттарды заңдастыру мәселесі болған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Радж Шах басылымда жарияланған ақпаратты теріске шығармады. Ол президент Трамп ең бірінші америкалықтардың мүддесіне жұмыс істейді деген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір