• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:16:13
Алматы
+35°

11 Қыркүйек, 2017 NEWS

Трамп алғаш рет 11 қыркүйек құрбандарын еске алу кешіне қатысады

Ақ үй президент пен АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Нью-Йорк уақыты бойынша сағат таңғы 9-да Вашингтонда өтетін үнсіздік минутына қатысатынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп президент ретінде алғаш рет 2001 жылы 11 қыркүйектегі террористік шабуыл салдарынан қаза тапқан 3000-ға жуық адамды еске алу шарасына қатысатын болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 2001 жылдың 11 қыркүйегі – жолаушылар ұшағының Нью-Йорк пен Пентагондағы Бүкіләлемдік сауда орталығына соқтығысқан күн.

Ақ үй президент пен АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Нью-Йорк уақыты бойынша сағат таңғы 9-да Вашингтонда өтетін үнсіздік минутына қатысатынын мәлімдеді. Дәл сол уақытта Бүкіләлемдік сауда орталығында үлкен апат болған.

Сондай-ақ, президент пен бірінші ханым Пентагонда өтетін АҚШ қорғаныс министрі Джим Маттис пен генерал Джозеф Данфорд бастаған еске алу шарасына қатысуы тиіс.

Вице-президент Майк Пенс Пенсильвания штатындағы Шэнсквиллдегі шара барысында Трамп үкіметіне өкілдік етуді жоспарлап отыр.

8 қыркүйек күні, террористік шабуылдың 16 жылдығының қарсаңында Трамп 8 қыркүйек пен 10 қыркүейк аралығын «Дұға ету және еске алу» күні, сондай-ақ 11 қыркүйекті «Патриот күні» екенін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір