• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:19:42
+35°

20 Мамыр, 2017 Фото-баян

Той суреттері ерекше болғанын қалаған жас жұбайлар адам нанғысыз әрекетке барды (ФОТО)

Махаббаттың күші тауды бағындыруға жетеді. Калифорнияның жұбы осыны дәлелдеді. Қалай дейсіздер ғой? Эшли Шмайдер мен Джеймс Сиссон қарапайым тойды қаламай,...

Махаббаттың күші тауды бағындыруға жетеді. Калифорнияның жұбы осыны дәлелдеді. Қалай дейсіздер ғой? Эшли Шмайдер мен Джеймс Сиссон қарапайым тойды қаламай, Эверестің шыңында некелерін қиған. Кәдімгі жасыл жайлауда, саябақта өткізілген тойларға қызыға қарайтын жұрт мынаны көргенде есетірнен тана жаздаған шығар.

Жас жұбайлар экспедиция үшін бақандай 1 жыл бойы дайындалған. Сөйтіп, жоспарлаған күндері де келіп жетті.

Фотографтарымен қоса Эверест шыңындағы лагерьге жетем дегенше, үш апта уақыттарын жұмсаған. Махаббат төзіміділікке тәрбелейді деген осы шығар, шіркін!

Қалың қар, аязды күн, биіктік – қос ғашық жолда кездескен қиындықтардың бәрін өткерді. Ал суреттері көз тартарлық. Сол суреттерді армандап отырып, бірге тамашалайық!

 

Мұны көрген әлеуметтік желі қолданушылары жас жұбайларға дәл өздеріндей берік махаббат тілеп, ризалығын жеткізуде. 

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір