• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:42:15
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 NEWS

17 жасында ауыр дертке шалдыққан Диана Швабауэр есімді әйелдің шынайы оқиғасын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Woman.ru-ға сілтеме беріп  жазады.

Мен өзімнің ауруға шалдыққанымды 17 жасымда білдім. Ол уақытта 11-сыныпта оқып жүргенмін. Шаңғы спортымен айналысып, үлкен жетістіктерге жеттім. Бір жолы құрбым қолымдағы көгерген іздерді байқады. Мен олардың қайдан пайда болғанын әу баста білген жоқпын, кейіннен денемде көгерген іздер қаптап кетті. Қатты алаңдадым, себебі мен өзімді қандай да бір ауруға шалдығам деп ойлаған жоқпын. Аураханаға барып қаралғанда, сараптама нәтижелерім өте нашар болды.  Дәрігерлер мұны онкология деп болжады.

   Нягань қаласындағы ауруханада жүрегім тоқтап қалды. Дәрігерлер де не болғанын түсінген жоқ. Маған донордың қаны керек болды. Себебі менің қанымдағы  эритроциттер мөлшері өте аз еді. Мәскеуге жіберілген сараптама нәтижесінде менің  қауіпті дертке шалдыққаным анықталды. Бұл онкология емес еді, алайда соған өте ұқсас "апластиялық анемияның" ауыр түрі екен.

Мамандар маған "сүйек кемігімді" (костный мозг) ауыстыру керек екенін айтты. Ота жасалғанға дейін тек екі ай ғана өмірім қалғанын айтқанда, сенген жоқпын.  Телефонымды өшіріп, әлеуметтік желілерден шығып, достарыммен де араласпай, жігітіммен де айырылысып кеттім. «Бәрі жақсы болады» деп айтқан адамдарға жыным келетін. Ештеңе естігім келген жоқ. Өз қайғымды өзім көтердім.

Отбасымның емделуге жұмсайтын қаражаты болған жоқ, сол себепті көптеген қорлардың көмегімен емімді төлеп беретін демеуші табылды. Ол мені Израильдегі ауруханаға жіберді.

Израильде болғанда да өзімді нашар сезіндім: әлсіздікті сезініп жүрдім,  денемнің барлық бөлігіне, тіпті ауыз қуысыма дейін көгерген іздер шыға бастады. Әр төрт сағат сайын мұрнынмнан қан тоқтамай ағатын. 

Төрт айдан кейін донордың табылғанын хабарлады. Операцияны бастау үшін химиятерапия жүргізу керек болды. Алайда, ол үшін ең бірінші менің иммундық жүйемді былайша айтқанда «өлтіру» керек еді. Дәрігерлер химиятерапияның  алдында аналық жасушаларыма ота жасалу керек екенін айтты. Бұл менің болашақта балалы болуыма қандай да бір қиындықтар тумау үшін жасалатын шара еді. Алайда, екпелер салу кезінді өрескел қате кетіп, ота сәтсіз жасалды. Дәрігерлер енді ешқасшан балалы бола алмайтынымды айтты. Өзімнің ешқашан ана бақытын сезіне алмайтынымды білген кезде қатты қайғырып, жыладым..

қыз ауру

Үлкен дозадағы химиятерапияны адамның ағзасы донорлық жаңа мүшеге қарсылық танытпас үшін жасайды. 18 жаста болсам да, менің ағзам мен мүшелерім 80 жастағы адамдікіндей қартайып кеткен еді.

«Химия» біткеннен кейін екі сағат ішінде Германиядан келген донордың «сүйек кемігін» алып  ота жасау керек болды. Дәрігерлер қанымды тазартып, қайта құйды. Операция кезінде қысымым көтеріліп 240-қа  дейін жетті. Көзім көрмей, сөйлей алмай, тіпті қимылдай алмай қалдым.

Мен үшін ең қиыны- өкпемнің ісіп кетуі болды. Өкпем 97 пайыз қанға толып кетті. Отырсам да, тұрсам да аузыман қан құйылатын дәрежеге жетті. Тынысым тарылып, барған сайын демалысым қысқара берді. Сол түні сегіз дәрігер қасыма келіп менің өлетін уақытымды белгілеу үшін келіп күтіп жүрді. Олар менің анама: «Туыстарыңызға хабарласып, қоштаса беріңіз»-, деді. Анама мені жіберуін, менімен қоштасуын өтіндім.

Ішімнен "Мен небәрі 18-демін. Өлгім келмейді" деп ойладым, Құдайға дұға еттім. Қасымдағы дәрігер оттек маскасын аузыма салып, жылап тұрып: «Тыныс ал!» деп айқайлап жіберді. Оның көз жасы бетіме төгіліп жатып, ұйықтап кетіппін.

Ертесінде мамандар өкпемнің  тазарғанын, аздап тамақ іше бастадым. Алайда бұдан кейінгі өмірім де оңай болған жоқ. Аяқ-қолым жүрмей, төсекте жата беретінмін. Өз күшіммен тамақтана да, тісімді де жуа алмайтынмын. Кішкене сәби сияқты жүруді, қадам басуды жаңадан үйрендім.

Менің өмірімді  періштелер сақтап қалды деп ойлаймын. Барлығы төрт рет «өліп-тірілдім». Қазір жағдайым жаман емес. Меніңше Құдай маған сынақ жіберді. Бұл жағдайға дейін мен тым өзімшіл, өз-өзіме сенімді, тәккәппар қыз болатынмын. Көрікті, ақылды, спорттың да үздігі едім. Осы тәккапарлығым үшін жазаландым.

Шынымды айтсам, өзімді өз жасымнан 20 жасқа үлкен сезінемін. Осының барлығы бір өзімнің басымнан өткеніне сену қиын. Анам қалай қиналғанын білсеңіздер ғой...

әйел

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір