• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:25:09
Алматы
+35°

23 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Төрт баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана халықтан көмек сұрайды

"Көмір алуға, азық-түлікке қаражат керек...Қандай көмек болса да, ризамыз",-дейді Индира.

Бүгін Qamshy.kz редакциясына Алматы облысы Ұзынағаш ауылында тұратын,  4 баласын жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған  жалғызбасты ана хабарласты. Индира Досжанова балаларын қараусыз қалдыра алмайтындықтан, қазіргі уақытта жұмыссыз.  Балалардың әкесі отбасын тастап кеткен, ешқандай көмек көрсетпейді екен. Әлеуметтік жағдайы төмен, пәтер жалдап тұрып жатқан Индира халықтан көмек сұрайды.

Отбасының ай сайын алатын жәрдемақысының құны 9000 теңге көлемінде.  Әрине, бұл әйелдің бір баласын киіндіруіне де, тіпті, балаларына азық-түлік алуға  да жетпейтін қаражат. Пәтерге төленетін ақша мен көмірге, азық-түлікке, балалардың киім-кешегіне кететін қаражаттан басқа да шығындар көп. Әйелдің   балаларының төртеуі де қыз: 6, 7,12,14 жастағы бүлдіршіндер жергілікті мектепке барады. Жалғызбасты ананың қыздарын мектепке, қысқа қалай дайындайтынын ойлау тіпті  ауыр.

«Көмір бітіп бара жатыр. Көмір алуға, азық-түлікке қаражат керек...Қандай көмек болса да, ризамыз»,-дейді Индира.

отбасы

Қандай да бір көмек көрсете алатындар болса, мына нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз: 87471585024- Индира Досжанова;

Халық банк: 4402 5735 4721 7671;

ИИН 751104401533 Досжанова Феруза;

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір