• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:02:46
Алматы
+35°

Әлқиса:

Айнұрмен алғаш айтысып,

Тәтелердің қай жері

Тәтті екен?-деп тартысып.

Ұялмай-ақ ешкімнен,

Тілімен біраз «түйреген».

Солай біздің бозбала,

Айтыста жеңіліп күйреген.

Халық әні «Күл, ойна» яғни Төреғали Төреәлі айтатын «Қазақ қызға үйленем» әнінің желісі бойынша.

Жігіт болып мінекей,

Ән шырқап жүр жаңаша.

Жұрттың бәрін билетіп,

Тайраңдатқан «тамаша».

Риза болып қыз- қырқын,

Шапалақ ұрады балаша.

Қайырмасы:

Мың сұлудың қиялы,

Төреғали Төреәлі.

Сүйем деген бикештер,

Телефонында ұялы.

Өзін бірақ Төрешжан,

Төрт-ақ қызға қияды.

2

Бала-шаға мектепте

Төреғалиға табынған,

Әнге салып Төрешше

Еденді теуіп «қағынған».

Мәжіліс залын жабдықтап,

Оларға да әнші жағынған.

 Қайырмасы:

 Ех, жаным күл, ойна,

Осы сізге ұнай ма?

Төреғали шығарып теңгесін

Беруді атын сұрай ма?

Мұнысы кімге ұнайды-ә?...

3

Тәуелсіздікті Ту еткен

Әлихан атын қимаған,

Мектептің де басшысы

Ақылыма сыймаған.

Ұлы дала баласы-көкесінің баласы,

Өйтпес еді болса егер,

Ардақтысын Алаштың

Әруағын сыйлаған?...

Қайырмасы:

Ех, жаным күл, ойна,

Бізге осың ұнай ма?

Атақ алған осылай,

Өзіңізге ұнай ма?...

***

Ех, жаным күйреген,

Тілімменен түйреген,

Менің сөзім ұнай ма?

Ұнамаса мұңайма.

Қыздарға ұнап көптеген,

Қар үстіне егіні көктеген.

Жалғыз әнші сен емес,

Атақ алған «еппенен».

Авторы:  Күләш Керімбекқызы, сатирик

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір