• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:45:21
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 Саясат

Тоқаевтың "құпия" ишарасының мағынасы қандай? (фото)

Ол бұл ишара мен белгі арқылы не айтқысы келетінін Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі зерттеп көрді.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Әрқайсысы халықтың көңілінен шығуға тырысқандай болып, уәделерін үйіп-төгуде. Әр кандидат елден ерекше болуға тырысатыны белгілі. Әзірге стилі жағынан елден ерек болғаны — Тоқаев. Оның себебі де айқын. Халықаралық тәжірибесі бай дипломат қаражат жағынан да қиындық көріп отырмағаны жасырын емес.

Президент билбордтарда өзінің тегін "галочка" белгісімен ерекше етіп көрсете білді. Сондай-ақ Тоқаевтың "V" әріпіне ұқсас ишара белгіні де көрсеткен фотосы бар. Ол бұл белгі арқылы не айтқысы келетінін Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі зерттеп көрді. 

"Галочка" нені білдіреді?

Бұл белгі Рим империясы кезінде пайдалана бастаған. Қазіргі таңда аталмыш белгіні әлемнің түкпір-түкпірінде қолданады. Сол кезде "галочка" veritas сөзінің қысқартылған түрі ретінде қолданған. Бұл шындық деген мағынаны білдіреді. Кейін жазу-сызудың дамуына байланысты белгі аздаған өзгеріске ұшырап, сол жақ сызығы қысқарып, оң жақ сызығы ұзарды. 

Тоқаев  "V" ишарасы арқылы не айтқысы келді?

Бұл ишара Американың бұрынғы президенті Ричард Никсон мен британдық премьер-министр Уинстон Черчилл арқылы әлемге танымал болған деседі. Олар бұл ишараны жеңістің белгісі ретінде қолданған. Ал алғаш рет 1415 жылы танылған. Бұл ишараны  француздар мен британдықтардың соғысынан кейін алғаш рет британдықтар көрсеткен. Француздар "британдық садақшылардың 2 саусағын кесеміз" деп қорқытқан. Сол жылдары тұтқынға түскен садақшылардың 2 саусағын кесетін болған. Алайда бұл соғыста британдықтар жеңіске жетеді. Соғыстан кейін "біздің 2 саусағымыз аман, біз жеңдік" деген мағынада британдықтар "V" әріпіне ұқсас ишараны қолданысқа енгізеді. Ал 1960 жылдан кейін бұл ишара бейбітшіліктің символына айналды. 

Ал Тоқаев болса, бұл ишара арқылы жеңіске деген сенімділігін көрсеткісі келген болуы бек мүмкін. 

Бұл ишараны әлмде танымал жұлдыздар мен саясаткерлер жиі көрсетеді немесе пайдаланады. Олар бұл ишарасы арқылы өзінің әлемге танымал екенін көрсеткісі келсе, әлемдік президенттер де бұл арқылы өзінің пікірін, ойын жеткізіп жатады. 

"V" ишарасын көрсеткен әлемге танымал тұлғалар

Майкл Джексон

Майкл Джексон 

Роналду

Футболшы Кристиано Роналду

Зеленский

Украинаның президенті Зеленский

Уилл Смит

Уилл Смит актер

Путин

Ресей президенті Владимир Путин

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір