• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:00:21
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Тоқаевты тоғыз күнде толғантпаған толғаныс

Біздің елдегі бюджетті жоспарлайтын мамандарға таңым бар. Не шегетінін түсіне алмай қойдым.

Бизнесті жоспарлағанда клиенттің орнына өзімді қойып көремін. Кейде кедергілерді ой, кейстерді шешкенде ми жетпей кететіндігі рас. Біздің елдегі бюджетті жоспарлайтын мамандарға таңым бар. Не шегетінін түсіне алмай қойдым. Себебі, мен шешімін түсіндіруге тырысып көрейін.

Дамыған елдердің тәжірибесін алып қарасақ, жұмысшыға екбек ақы төлеуді үшке бөліп қарастыруға болады:

1) Сағатына төленетін 
2) Күндігіне төленетін
3) Аптасына төленетін

Үшеуінің артықшылығы да, кемшіл жақтары да барын байқауға болады.

+2-3 жерде жұмыс істеу еңбек өнімділігін арттырады. 
+ Жұмысты бітіруге кететін уақыт қысқарады. Айлық деп айдан айға созбайды. Күндікке, сағатына, тым құрығанда апта ішінде атқарады. 
+Жұмыс беруші тапсырған жұмысын бақылауына қолайлы. Әрі жұмыстан шығып кеткен не шығарылған қызметкері үшін артық шығыннан өзін сақтайды.
+Айлық жалақыдан жоғары немесе қажетін қамтамасыз етуіне жақсы. 
+ Қаржы жинауды үйренеді. Әрі ысыраптан құтылады. Әр тыйынның қадірі болады. 
+ Олқылығы үшін қызметкер емес, компания жауапқа тартылады. Нәтижесінде жұмыс орнының беделі үшін қызмет етеді. Жұмысшының беделі, ар-намысы қорғалады.

- Сырқаттанып қалған күндерде, не бір жағдай болғанда тек аванс қана ала алады. Алайда, ол күнгі жалақысы төленбейді.
- Жұмыс орны жабық болатын күні күндік жалақы не сағатына төленетін жалақысы келісімшарт бойынша реттеледі. Не болмаса жарты суммасы төленеді. 
- Қымбат дүние сатып алу үшін біраз тер төгуіне тура келеді. 
- Әр салада қызметкер саны қысқарады. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігі туындайды.
- Ауыл саны қысқарады.

Дамушы елдің тәжірибесінде еңбекақыны айлық, не күндік деп қарастыруға болады. Аптасына, не сағатына төлейтін жерлер жоқтың қасы деуге келеді. ТМД елдерінен халықтың үдере көшуінің негізгі себептерінің бірі осы.Мысалы, сауда-саттыққа да айлықтың, не зейнетақының берілетін уақыты әсер етеді. Сервис құлдырайды. Күнделікті айналыста ақша жүрсе, күнделікті даму жолына түседі. Дей тұрғанмен, дамушы елдер АПТАСЫНА, НЕ ЕКІ АПТАДА бір екбекақыны бөліп ала алатын жүйеге өтіп, кейін КҮНДІГІНЕ,САҒАТЫНА төленетін режимге өтсе дамушы елдер ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНА ілігеді деп ойлаймын. Алдағының істегенін істемесең, оның тістегенін тістей алмайсың.

Тағы бір мысал. Біздің елдегі 75000 тг алатын қызметкердің күндік еңбегінің ақысы 2500 тг. Оған не келеді? Ең төменгі жалақының 1 пайызы 420 тг. Бір бөлке нан жұмысқа барып-келу. И то ең күнкөріс деңгейі төмен қаладағы жағдай бұл. Енді күніге 4000-5000 тг айына 120-150000 тг болмай ма? Жоқтан бар. Балансқа келе бастады ма? Екінші жағынан, мемлекеттік бағдарламамен жұмыс-пұмыс деген нәрсе қыртқан әңгіме.

Айына бір қадам жасаған адам, сағатына, не күніне, не аптасына бір қадам жасаған адаммен қалай тең өмір сүреді. Әлем елдері ішіндегі дисбаланыстың басты себебі осында жатыр. Жалақыны жылда көтере берудің алдын алу үшін әрі көптің қаржыны басқаруды үйренуі үшін үкімет осы айтқандарымды ескерсе дейсің. Ысыраптан да сақтанар едік.

Алысқа бармай 600 млн тг дуал жөндеуге, 650 млн тг мектеп соғуға, 100 млн-нан көп теңге төгіп, жиын ұйымдастырып жатыр. Айта берсек млрд-тап шығаруға болады.

Тоқетері, тоғыз тәулікте Тоқаевты толғантпаған толғанысым осы еді. Жоғарыда айтқанымдай, қадам жасайтын уақыт келді.

P.s. Сізге қалай? Айлықты күтіп, барлығын тез-тез жаратқан ұнай ма? Екі аптадан бөліп алған екбекақы тиімді ме?

Нұртаза Шоқатаев

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір