• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:14:30
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Шереметьево ұшағының бортында болған 78 адамның 37-і тірі қалған. 41 адам қаза тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол туралы Ел Президенті Твиттердегі жеке парақшасында жазды.

Еске салсақ, Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні Шереметьево әуежайына шұғыл оралды, оған ұшақаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алды. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан.  Шереметьево ұшағының бортында болған 78 адамның 37-і тірі қалған. 41 адам қаза тапты.

Ұсынған: Мақпал Сембай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір