• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:59:11
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 NEWS

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Атырау облыстық полиция басқармасының бастығы Аян Дүйсембаевқа қатысты тексеру жүргізуді тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы президент өзінің Twitter парақшасында жазды.

"ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады",-деп жазды президент.

Естеріңізде болса, бұған дейін Атырау облыстық полиция басқармасының бастығы Аян Дүйсембаевтың сыйлыққа ат алып жатқан видеосы желіде тараған болатын. Видеодан Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамның атқа мініп, халық қошеметіне бөленгенін көруге болады. Ішкі істер министрлігінде аталмыш жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталды.

Оқи отырыңыздар: 

♦Аян Дүйсембаевтың казинодан кейін тағы да басы дауға қалды (видео)

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір