• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:46:07
Алматы
+35°

22 Наурыз, 2019 Саясат

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен және Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Армения Президенті Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін екі ел басшыларына ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның, Арменияның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетініне сенім білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Арменияның және Тәжістанның арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан мен Армения жағы бастамашы болды.

 

 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір