• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:45:40
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019 NEWS

Алматыда 2018 жылы 13 жасар қызды зорлады деген айыппен  үш жасөспірім сотталған болатын. Қазіргі таңда жәбірленушілер жазған арызын қайтып алып, зорлады деп айыпталған 3 жігітті қайта босатуды сұрап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтының дерегін негізге ала отырып.

2018 жылғы 16 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында судья К.Абдельдинов кәмелетке толмаған сотталушыларға: В.М. және Л.В. 16 жыл, Ш.Н. - 15 жыл берген.  Олар кәмелетке толмағандарды зорлау және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық актілері бойынша сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылған болатын.

Алайда, іс бойынша жәбірленуші деп танылған қыз жасөспірімдерді жазаламауын өтініп және кесілген  үкімді қайта қарауды сұрап отыр.

Мәселенің анық-қанығы түсінікті болу үшін басынан бастайық: 22 наурызда балалар достарының туған күнін тойлау үшін Никитаның үйіне қонаққа барған. 

— Мені Никитаның туған күніне шақырды. БІз ішімдіктер алып, бірінші рет дәмін татып көргіміз келді. Басында бәрі көңілді, ойдағыдай болған. Кенет менің жүрегім айни бастады. Киімімді тазалауға бардым, маған достарым көмектесті. Одан кейін анам мені алып кетті - дейді 13 жастағы қыз.

Оның анасы кешке баруға қызына рұқсат бермеген. Қызына қоңырау шалғанда, оның ұялы телефоны өшірулі болған екен.

— Мен сол күні жұмыста қалғып кетіппін . Ұйқымнан тұра сала бірден қызыма бардым. Оны үйге алып келгеннен кейін, қызымның алкагольдік ішімдік ішкенін байқадым. Оның киімін ауыстырып жатып, іш киімінің жоқ екенін байқадым. Жағдайдың анық-қанығын анықтау үшін бірден полицияға хабарластым. 

Қыздың айтуынша дәл сол күні қыздың айлық белгісі байқалған, сондықтан шалбары қанға боялған екен. Бұл жағдай анасын қатты есеңгіретіп жіберген. 

Алғашқы күндері қыз өзін ешкім зорламағанын айтқанымен, оған не анасы, не тергеушілер құлақ аспаған. Себебі, тексеріс нәтижесі қызда зорлық көрсетудің белгісі бар екендігін мәлімдеген. 

— Тергеушілер маған зорлады деп айтуға мәжбүрледі. Егер мен олай айтпасам, олар анамды түрмеге отырғызатынын айтып қорқытты. Мен сол күні ішімдік ішкенім үшін және басқаларды алдағаным үшін қатты ұяламын - дейді жәбірленуші қыз. 

Медициналық сарапшы Коркина іш киімде де, жәбірленуші мен күдіктілердің киімінде де ұрықтың, сілекейдің болмағандығын анықтаған. Тергеуші бұл сараптама нәтижесімен келіспей, қайта тексерістен өтуге  жіберген.

Оқиғадан бір ай өткеннен кейін, анасы қызын басқа гинекологқа апарып көрсеткенде, ол қызына ешқандай зақым келмегенін, сондай-ақ қыздық пердесінің де орнында екенін мәлімдеген. 

— Бізді ешкім тыңдамайды. Сенбейді. Мен қателескен екенмін. Соның кесірінен  кінәсіз жасөспірімдер  зардап шегіп жатыр. «Біз сот ісі бұл істі қайта қарап, әділ шешім шығарғанын талап етеміз », - дейді 13 жастағы қыздың анасы.

Бұл жағдайдан кейін 13 жасар қыз өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанымен, адамдар оны дер кезінде байқап, аман алып қалған. Өз-өзіне қол жұмсамас бұрын қыз анасына егер зорлады деп айпталғандар бостандыққа шықпаса, ары қарай өмір сүрмейтіндігін айтқан. 

Қазіргі таңда бұл жағдайды сот ісі қайта қарап жатыр, соттың үшінші отырысы 15 наурызға белгіленді. Сондай-ақ  жалған ақпарат бергені үшін де сараптама жасаушы Коркина да жауапқа тартылатынын хабарлады.

Аударған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір