• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:14:48
Алматы
+35°

03 Тамыз, 2018 NEWS

Токиода 6 жасар қызынан айырылған ана: Үйге қайтқымыз келеді...

Қыздың анасы айтқандай, Райана қатерлі ісіктен қайтыс болмаған, бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалған екен.

Өскемен қаласының 6 жасар тұрғыны Райана Сковородникова бүйрек қатерлі ісігіне шалдыққан еді. Ол Жапония астанасы Токио қаласында көз жұмды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қыздың анасы айтқандай, Райана қатерлі ісіктен қайтыс болмаған, бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалған екен.

"Жапон дәрігерлері қолдан келгеннің бәрін істеді, қасында болуыма жағдай жасады. (…) Енді Райананың денесін Қазақстанға алып келумен айналысамын. Қанша уақыт кетерін білмеймін, үйге қайтқымыз келеді", — деп жазады қыздың анасы Екатерина Кирченко әлеуметтік желіде.

Әйел адам атап өткендей, Қазақстанның консулдары мәйітті жеткізуге жәрдемдеспек екен.

"Біреулер: "Сол жақта жерлеңдер", — дейді. Оған жол бере алмаймын: бұл жерде адамды жерлемейді, мәйітін өртейді, мұнда тіпті мұсылмандар да аз. Олай ете алмаймын", — дейді Екатерина Кирченко.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір