• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:15:18
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 Оқиғалар

Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)

Айдын күннің аманында бұл не сұмдық жағдай?

Әлеуметтік желіде жаппай таралған мына бір жайт көпшіліктің көңілін аударды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәліметтерге сүйенсек, Жетісайдағы әпкелі-сіңлі үш қыздың өгей анасы оларды аяусыз соққыға жығып, ұзақ уақыт қорлап келген екен.

"Апалы-сіңлілі: 2003 жылғы Салима, 2005 жылғы Мәншүк, 2007 жылғы Милана. Бұл қаракөздеріміздің көрмеген қорлығы қалмапты. Өгей аналары, 1991 жылғы Көбеева Жұлдыз фашистерден де асып түскен сияқты. Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып "күліп тұр" деп, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін кемпірауызбен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз. Айдың-күннің аманында осындай жағдайды "жабулы қазан жабулы" етіп қалдыруға ұмтылған Жетісай ауданы басшыларының, құзырлы мекемелерінің не бала-шағалары, не жүректері жоқ деп қаласың осындайда! Бес күннен бері ауруханада жатқан қыздардың жағдайын жергілікті жердің атқамінерлері тіпті сұрамаған да! Ал, көмек беру туралы мүлдем әңгіме жоқ! Иә, бір адамның жауыздығына мың адам жауапсыздығымен жауап беріп жүргеніне еріксіз қайран қаласың!

Жетісайдан табылмаған арашаны Түркістан Облысының басшылары, заң орындарынан, денсаулық сақтау басқармасынан сұраймыз! Қаракөздерімізді жылатуға жол бермейік! Және әлгі өгей шешелерін қатаң жазаға тартайық!.." деп жазды Әсет Әссанди есімді азамат өзінің фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бұл жазба әлеуметтік желілердің бәрінде кеңінен таралып, көпшіліктің сынына қалды. Өгей шешенің қатыгездігіне жаны ауырып, жағасын ұстаған халық сан түрлі пікір қалдырып, тез арада өгей шешені тауып, тиісті жазасын беру керектігін жарыса жазуда. Суретті көрген кез келген адамның іші алай-дүлей болып, бейбіт күнде бұл не сұмдық деп төбе шашың тік тұрады.  Суреттерге бей-жай қарау мүмкін емес.

қатыгездік

қатыгездік

өгей ана

өгей ана

өгей ана

Осы жайтқа байланысты Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлама таратылды. Хабарламада "2019 жылғы 11 сәуір күні орта мектеп директоры аудандық білім бөліміне аталған мектепте оқитын кәмелет жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қызда дене жарақаты бар екенін хабарлаған. 

Ертеңіне, яғни 12 сәуір күні аудандық полиция бөлімінің тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабы, 2 тармағы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда балалар Жетісай аудандық орталық ауруханасында дәрігерлер қарауында. Олардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ. 
Аталған істі Облыс прокуроры өз бақылауына алды. Бүгін күдікті азаматшаға қатысты шектеу шаралары қолданылады" делінген.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір