• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:34:47
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 Аймақтар

ТМД елдері бойынша Қазақстан проактивті қызметтерді алғашқы болып енгізді

2018 жылдың соңына дейін 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі екен

Ағымдағы жылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтің саны 19-ды құрайтын болады. Бұл жайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың соңына дейін 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі екен.

 «ТМД елдері бойынша Қазақстан проактивті қызметтерді алғашқы болып енгізді. Былтыр біз бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті тәсілмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттілігін алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтін аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жіберілді. Жуырда әлеуметтік мәселелер бойынша тағы да бірқатар қызметтерді проактивті нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететін боламыз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.  

Сондай-ақ, ол цифрландыру процесі жүріп жатса да, әлі қағазбастылықтың бар екендігін айтып, бірқатар қиындықтарға тоқталды.

«Елімізде жаппай цифрландыру үрдісі жүріп жатқанына қарамастан, мемқызметтердің 51 пайызы әлі күнге дейін қағаз жүзінде ұсынылады, оның үстіне қазақстандықтар қызметтерді электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тілек танытпай отыр. Сондай-ақ бір қызметті алу үшін басқа бір қызметке жүгіну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша біздің фронт-офистерге бірнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесі бойынша әлі де қарапайым және қауіпсіз механизмнің жоқ екендігін айту керек», - деді А. Оспанов.

Ал, 19 проактивті қызметтер қандай деген сұраққа келер болсақ, жүктілікке, бала асырап алуға, мүгедектікті белгілеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсімделетін болады. Сондай-ақ,  мемлекеттік кепілдіктерді төлеу, жылжымайтын мүліктің сипаттамасын өзгерту, атқарушылық іс жүргізуді қозғау жұмыстары және білім беру саласындағы қызметтер кешені де электронды нұсқада ұсынылады.

Айта кетейік, 10-шы шілде күні халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел өткен болатын. Кеңес барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивті қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, жоғарыдағы жағдайларды айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір