• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:54:33
Алматы
+35°

26 Қараша, 2018 Экономика

Тірлігі тасыған ТAS Кредит

ТAS кредит 8 жыл бұрын құрылған.

TAS Group туралы естігеніңіз бар ма?  Оның құрамында 10 компания бар. Оның бірі әрі бірегейі - ТAS Кредит. Ол 8 жыл бұрын өз іргетасын қазақстандық нарықта мықтап қалады. Қазір компанияның Қазақстанның ірі қалаларының барлығында дерлік филиалдары бой көтеріп, қызу жұмыс істеп жатыр. Жақында компанияның 20 - филиалы ашылып, компания оны дүркіретіп атап өтті. Оған Қазақстанның мақтанышы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам, депутат, кәсіпкер, блогер Қайрат Құдайберген арнайы құттықтап келді.

Таскредит

Айта кетейік, 25 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде де жеңіске жеткен Қанат Ислам аталмыш компанияның бет-бейнесі.

Қанат Ислам

Ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатысты, Түркия, Ресейден қонақтар келді. Компанияның 20 - филиалының лентасын Қанат Ислам мен Қайрат Құдайберген кесті.

Компания қызметкерлері келген қонақтарға кеңсенің ішінде кішігірім тур жасап, әр бөлім немен айналысатынын және жетістіктерімен бөлісті.

Таскредит

Тур компания басшысы Дулат Тастекеевтің бөлмесінен бастау алды. Қабырғада Елбасының портреті, үстел үстінде «Менеджмент» деген атауы көзге бірден түсетін қалың кітап жатыр. Ол Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған кітап екен. Бәрінен бұрын төрде тұрған қазақтың қара домбырасы көңілге жылу сыйлады.

Таскредит

Қонақтар да ұлттық аспапты бірден байқап, Дулат мырзаға «күй орындап бер» деп қолқа салды. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» дегенді мықтап санаға сіңірген Дулат Тастекеевтің домбыра тартуды үйреніп жүргеніне 1 айдың жүзі болыпты. Қонақтардың өтінішін жерге тастамай, құйқылжытып домбырада ойнап берді.  «Домбыра тартуды үйренгеніне 30 күн ғана болған адам үшін бұл өте жақсы нәтиже», деп мәз болысты қонақтар.

Кеңседе арнайы тақта орнатылған екен. Оған филиалдың ашылу салтанатына келген қонақтар өз тілектерін бірнеше тілде жазып, қалдырды. Бірі «компания зор табысқа жетсін» деп жазса, енді бірі компания қызметкерлеріне денсаулық тіледі.

TAS Кредит мешіт құрылысы, мектепте тарих сыныбын жабдықтау секілді жұмыстармен де айналысатын айтып өткен жөн.

Компанияның 20-филиалының ашылуына орай құттықтап келген қонақтарға қазақы дәстүрмен дастархан жайылды. Ойын ойнатылды. Кездейсоқ таңдау арқылы 5, 6 қонақ бағалы сыйлықтарды жеңіп алды.

Ойын

Ойын

Жалпы қонақтарға компанияның қуанышын бөлісіп, алтын уақытын сарп еткені үшін кішігірім сыйлықтар таратылды.

Іс-шара кеңсенің ең жоғары қабатына шығып, әсем қала Алматыны тамашалап, естелікке фотоға түсумен аяқталды.

Таскредит

Айта кетейік, ТAS Кредит 8 жыл бұрын құрылған. 2010 жылы Алматыда кішкентай ғана кеңсе ашылды. Қазір Қазақстан бойынша 20 филиалын ашып үлгерген компания басшысы, ол уақытта барлық қызметті жалғыз өзі атқарды. Телефонға да жауап берді, клиенттермен де жұмыс істеді. Тіпті тазалық жұмыстарын да өзі жүргізді. Алты жыл өткеннен кейін ТAS Кредит компаниясы аясын кеңейтіп, Қазақстанның бірқатар қаласында филиалын ашады. Кеше ғана тәй-тәйлап қадам басқан мекеме аяғын нық басып, тұтынушы сұранысына толық жауап беретін үлкен компанияға айналды.

Компания ең алғашқы қадамын алтынды кепілге алып кредит берумен бастаған. Осы салаға маманданып, оның қыр-сырын жетік меңгеріп, тұтынушы сұранысын қанағаттандырып, сапалы қызмет көрсетуді арттырып, оның аясын кеңейтуді мақсат еткеннен кейін техниканы, одан кейін көлікті кепілге алып кредит беретін болды. Қазір TAS Кредит компаниясы кепілге тек көлікті алады.

Компания нарық сұранысына жауап беріп, бәсекеге қабілетті болып отырғанын өздері бірнеше факторға байланысты екенін айтады.

Еңлік— Компанияның өз миссиясы бар. Оны әр филиалдан байқай аласыз. Қызметкерлер миссияны жадынан шығармайды және оның мағынасын түсінеді. Сонымен бірге, компанияның өз құндылықтары бар. Менеджерлер оны да білуі қажет. ТAS Кредиттің өз ұтымды тұстары бар екенін де атап өту керек. Оны көшіру мүмкін емес, - дейді ТAS Кредит компаниясының маркетологы Еңлік Ақдәулет.  

Сегіз жылдық қажырлы еңбектің арқасында компания қазір көлікті кепілге алып, кредит беру нарығында көш бастап тұр. Оның үлесі - 45%.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір