• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:50:42
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2017 NEWS

Тыр жалаңаш шешініп билеген монах әйелдері жұрттың ашуын келтірді (ВИДЕО 18+)

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде тыр жалаңаш шешініп билеген монах әйелдері Казнет қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлайды

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде тыр жалаңаш шешініп билеген монах әйелдері Казнет қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Монах әйелдерінің киімін киген гоу-гоу қыздары Era – Ameno Dorime әніне билеп жатып соңына қарай үстіндегі киімдерін шешіп тастайды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі христиан дінін ұстанушыларды қорлады десе, тағы бірі мұнда тұрған ештеңе жоқ, жап-жақсы би, ал қыздарды сынап, тиісе беру өткен заманның ісі деген пікірлер білдіруде.

Видеоның астына жазылған бірнеше пікірлерді айта кетсек:

«Бұл біздің дініміз болмаса да басқа ұлттардың дінін құрметтеу қажет. Басқа стиль таппаған ба? Түкке тұрғысыз».

«Осылар өздерінің ата-аналарының, әжелерінің алдында осылай билей алады ма екен? Тыр жалаңаш билесе де, дінге қатысты киімдерді кимей-ақ қойса болар еді».

Міне, осы сынды пікірлер көптеп жазылған.

Дайындаған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір