• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:26:08
Алматы
+35°

28 Қазан, 2018 Әлеумет

Тілдерді дамытуға арналған бағдарлама түрлі салада өз нәтижесін беруде

Қазақстандағы тіл саясаты этностардың құқығы мен бостандығына құл сұқпайды.

Әрбір ел үшін тілі оның ең басты тірегі. Тіл әрбір ұлттың ажырамас бөлігі. Ұлтты айқындайтын құралы. Сондықтан қай ел болмасын тіл саясатын жүргізуінің маңызы зор. Осыдан мынадай қорытынды шығады, яғни тіл саясаты мен ұлт саясаты бір-бірінен ажырамайтын, бөліп-жарып қарауға келмейтін біртұтас материя.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оны тек күнделікті қатынас тілі ретінде ғана емес, ғылым, білім, экономика, әлеумет, саясатта қазақ тілін қолданып, ғылым, білім қазақ тілінде сөйлету үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Түрлі бағдарламалар қабылданып жатыр. Олардың көздейтін мақсаты бір – қазақ тілін мерейін үстем ету. Оның қолданыс аясын кеңейту. Қазақ тілді ортаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан этностарға өз ана тілін сақтай отыра, қазақ тілін үйрету, іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу. Қазақ тілінде кітаптар, оқулықтар  көптеп шығып, оларға деген сұраныс артуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан азаматтардың қазақ тілін үйренуге ынталандыру.

Осындай мақсаттарды көздейтін бағдарламаның бірі әрі бірегейі – тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Онда жоғары атап көрсеткендердің барлығы қарастырылған.

Қазақстан Үкіметінің тілге қатысты жүргізіп отырған саясаты Қазақстан Республикасында тұрып жатқан түрлі этностардың түгелімен құқығы мен бостандығына құл сұғылмай, әлеуметтік жағдайы жоғары қоғамның іргетасын қалау. Егеменді Қазақстан Республикасының құрылғаннан бері тәуелсіз еліміздің ішкі саясаттағы ең басты мақсаттарының бірі – халықаралық деңгейге сай келетін дипломатиялық қатынас пен өзара құрмет және ұлтаралық келісімді, бірлікті бекіту. Ұлтаралық қарым-қатынастардың жақсаруына, ұлттар достастығы мен ауызбіршілігінің беки түсуі үшін Қазақстан Республикасында  жақсы жағдай жасалған.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы бері, Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз тәуелсіз ел болғаннан бері ұлтаралық бірлікке, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барлық этностар достығы мен ұлтаралық бірлікке айрықша мән беріп келеді. Осы уақыт аралығында сонау Алатау  тауынан бастау алып Арқаның кең жеріне дейін, Алтайдан Батыс өңірі, яғни Атырау облысына дейінгі кең байтақ қазақ жерінің  аспаны ашық, бейбітшілік құсы мекен еткен, соғыс та жоқ,  халық бейбітшілікте өмір сүріп келеді, ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық, Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан ұлттардың арасындағы бірлік нығая түсті. Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп берген кең байтақ қазақ жерінің төрінде көптеген ұлт өкілдері дүниеге есігін ашты, тәрбиеленді, өсті, білім алды, өз кәсібін дөңгелетіп, отбасын құрып,  өркендеп, өсіп келеді. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барша ұлттардың арасында ешқандай кикілжің туындамай, бір аспанда достасып өмір сүріп, бір нанды бөлісіп, бір нанды бөлісіп жеп жүрген барлық ұлттардың бірлікті өмір сүріп жатқаны Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан саясаттың арқасы екенін белгілі. Ұтқыр саясаттың арқасы.   

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық саясаттың ең маңызды көздейтіні – ұлттық құндылықтарды алға қойып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси және рухани дербес болуын, Қазақстан Республикасының сыртқы жаулардан, сырт көзден сақтау, елдің ішкі, сыртқы қауiпсiздiгiн нығайту,  Қазақстан Республикасының кең байтақ жерiнің бiртұтастығн мәңгiліке сақтауүшін барлық жағдай жасау, қазақ батырларының көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпақтың алдындағы жауапкершілікті сезініп, қазақ халқына тиесілі жер үстіндегі және жер астындағы қазба байлықты (ұлттық байлығын) тек Қазақстан Республикасы халқының рухани, мәдени, әлеуметтік және экономикалық жағдайын, әлеуетін жақсарту, кең байтақ қазақ даласында өмір сүріп жатқан азаматтардың өмір сапасын үнемі жақсартып отыру.

Қазақстан Республикасы үкіметінің жүргізіп отырған ұлттық саясатының бір тағылымы ретінде мәдени плюрализмді атап өтсе болады. Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан әрбір этностардың өз мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін сақтауға жағдай жасау.

Қазақстан Республикасында тұрып жатқан этностардың өз мәдениетін, өнерін, салтын, дәстүрін сақтап, одан қол үзбеуге, жандандыру үшін этномәдени бірлестіктер бой көтерді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында тұрып жатқан этностардың тілінде мектептер, театрлар ашылды, олар тоқтаусыз жұмыс істеп келеді.

 

Темір Сағындықов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір