• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:12:29
Алматы
+35°

23 Қыркүйек, 2017 NEWS

Тілдер мерекесі күні журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

22 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан халқының тілдер күні қарсаңында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті.

22 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан халқының тілдер күні қарсаңында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткен болатын. Үстіміздегі жылы тіл туралы заңның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік тілмен бірге барлық этностардың ана тілдерін дамыту саясатын салиқалы жүргізіп келе жатқан бірден бір мекеме.

Әкімдік ұйымдастырып отырған салтанатты жиын Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ахетов Мамай Қаниұлының құттықтауымен басталды. Мамай Қаниұлы сөзін сонау тарих тереңінен Күлтегін мен Тоныкөктің тасқа таңбаланған мұраларынан бастап, Махмұт Қашқари, Жүсіпбек Аймауытовтың тіл туралы айтып кеткен нақыл сөздерінен мысал келтірді:

 «Тіл тек қатынас құралы ғана емес ол әрбір адамға тікелей қатысы бар мәдени құбылыс. Ұлттың тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі. Жүректің терең сырларын, басынан кешірген дәуірлерін, дүниеге көзқарасын нанымын, уайымын, қайғысын, қуанышын, қысқасы, жаныңның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп сақтап отыратын қазынасы сол халықтың тілі».

Сөзін тілге жаны ашыған Бауыржан Момышұлының 1944 жылғы компартияға жазған хатымен жалғастыра келе, тіл мәселесінің ешқашанда күн тәртібінен түспегенін айтты. Сол хаттан мынадай үзінді келтірілді: «Аяқ асты елусіз болып кеткен қазақтандыру мәселесін алдымен қазақтардың өздерін тіл жөнінен тәртіптеуден бастап, барлық үкімет кеңсе ғылым, оқу, өндіріс, өнеркәсіп орындарында қайтадан әділеттікпен көтеріліп қолға алынуы жөн. Екіншіден тиісті оқу орындарында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы міндетті сабақ болуы керек. Үшінші, барлық қазақ ұл балалары, қыз балалары алдымен ана тілінде білім алуы қажет».

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақтың болашағы қазақ тілінде» деген тұжырымы «Қазақстан мәңгі жасай береді дегенмен үндес». Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты жоғымызды түгендеп, барымызды барынша насихаттау. Нұрсұлтан Әбішұлы Назабаев «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастап, бұл мәселеге неғұрлым дәйектілікпен, терең түсініп, байппен қарау қажеттігін айтты». Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына, халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жол ашады. Сол арқылы ұлт мұрасының жаңа бір белеске өрлеуіне түркі тілдес халықтардың өзара байланысының артуына, жаңа заман талабына сай өскелең ұрпақтың ағылшын тілін меңгеруіне зор мүмкіндік тудырады».

Сонымен қатар, Мамай Қаниұлы қалалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады. Жүлдегер атанғандар:

  • «Тіл және БАҚ» қалалық байқауында баспасөздегі үздік журналист атағы Республикалық Айқын қоғамдық саяси газетінің шолушысы - Төреғали Әліпұлы Тәшенге берілді.
  • «Үздік тележурналист» номинациясы бойынша бірінші орынды Қазақстан ұлттық арнасы Алматы филиалының редакторы Назым Әбілқызы Перне алды.
  • «Үздік радиожурналист» номинацисяы бойынша Қазақ және Шалқар радиосы Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы Құтпанбаев марапатталды.
  • «Интернет сайттағы үздік журналист» ретінде Qamshy.kz интернет порталының тілшісі Нұрғали Нұртай танылды.
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламсы аясында дарынды жастар арасында өткен көркемсөз оқу шеберлері қалалық байқауының бас жүлдесін жеңіп алған Алатау ауданы әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жанар Алшынқызы Нақова марапатталды.
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Тіл шебері» қалалық байқауында бірінші орынды Наурызбай әкімі аппараты мемлекеттік құқықтың бөлімінің бас маманы Мақпал Жамбылқызы Гаухарбекова алды.
  • Орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасында өткен «Ой сана» қалалық байқауының жеңімпазы Алатау ауданы №160 жалпы білім беретін мектептің физика математика пәнінің мұғалімі Дарын Серікұлы Саинов болды.  
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір