• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:56:22
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2018 Фото-баян

Тілбұзарда жоқ ұят та, өре де!..

Осының бәрін әдеттегідей қара сөзбен «түйрегенше», бір-бір шумақ өлеңмен әшкерелейік деп шештік

Еліміздің кез келген қаласында көзге түрпі, көрінгенге күлкі болып тұрған кемшіліктер көп-ақ. Сондай сорақылықтарды суретке түсіріп алып, көпшілік назарына ұсынуды дәстүрге айналдырсақ игі. Ал тиісті мемлекеттік мекемелер өз кезегінде мұндайға бейжай қарап отыра бермеуі тиіс.

Мысалы, біз Астананың біраз көшесінен мемлекеттік тілді шүлдірлетіп қойған жайттарды кезіктірдік. Абайша айтқанда, «бетті басып, қатты састық». Бірақ, «тұра қашқан» жоқпыз. Оқырмандар назарына ұсыну үшін нысанаға алдық. Бурабай демалыс аймағының хайуанаттар бағына соққанда да қоршау сыртындағы жазуды оқып, жаға ұстағанбыз...

Содан, осының бәрін әдеттегідей қара сөзбен «түйрегенше», бір-бір шумақ өлеңмен әшкерелейік деп шештік.

тіл 

Телефонның сатылатын түр-түрі

Мына жерге барып қалдық бір күні...

Аудармаға шорқақтардың осылай,

Мағынаға мән бермеуі күлкілі!

 

тіл 

Намыссыздар, мыналарың не, тіпті?!

Ұсынғанда, қай біліксіз бекітті?

Екеуінің қазақшасы кішкентай,

Ал біреуі «зангер» болып кетіпті.

 

тіл

Автобусты тосып тұрар саям-ай,

Орныңды кім шүлдірлетті аядай?!

«Көзмергеннің» көзі тірі болғанда,

Нысанаға алар еді аямай!

 

тіл

Тілбұзарда жоқ ұят та, өре де!

Үлкендерден алмаған-ау өнеге!

«Еркек киім» деген екен,

Оу, сонда

Төстартқышты «ұрғашы» деп бөле ме?!

 

тіл

«Ең жоғары»?!. Түспейтін есе кемге,

Таңсық болды мына бір есеп елге.

Отыз бес, отыз алты, отыз жеті...

Астарында сұрақтың неше теңге?

 

тіл

Орын беріп отырғандай төрден біз,

Қазақшаға «қатты» көңіл бөлгенбіз!

Мына жерде «к» орнына «қ»қойса,

«Көлік жүү» дегенді де көргенбіз.

 

тіл

Мәңгүрттер шығармаққа елдің есін,

Тағы да көрсетеді енді несін?!

Ит-құсқа неке таңған мына түрмен,

Адамды «шағылысты» деп жүрмесін!

Және де қореқтенбес, қоректенер...

Бұл аудармасымаққа сендірмесін!

 

тіл

Банктердің қазақшасын көрсеңіз,

«Екілікке» сұранғандай ол семіз!

Алақандай чектің өзі сорақы,

Нөл болып тұр, бір сәт көңіл бөлсеңіз!

 

P.S. Тілдің жайын айта салмай қақсап құр,

Түзетелік ұлттық рухпен асқақ бір!

Басқаларға үлгі болу орнына,

Бас қалада қазақшамыз ақсап тұр...

 

Еркеғали БОЛАТҰЛЫ

Erkegali Bolatuly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір