• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:57:05
Алматы
+35°

14 Қыркүйек, 2018

Тіл кемістігі бар Нэна мұғалім болуды армандайды

Ұстаз болуды  армандаған Нэна, өз мақсатына жету жолында неше мәрте сүрінсе де, кедергілерге мойымай, қиындықтарды еңсереді…

Әлеуметтік комедия "Мен мұғалім апаймын" Туретт синдромына шалдыққан ұстаз туралы баяндайды. (бұлшықеттердің тартылып, басқаруға келмейтін іс-қимылдарды және еріксіз дыбыс шығаруды тудыратын жүйке жүйесінің бұзылуы) Фильмнің басты кейіпкері Нэна мұғалім болуды бала кезінен армандайды. Бірақ оның бойындағы ауруы көпшіліктің алдында өзін еркін сезінетін адамдардың қатарынан көрінуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, өз мақсатына жету жолында ешнәрседен қаймықпаған бойжеткен, өзгелерге қарағанда, қашан да бірінші болып көмекке келуге дайын.  Ол үшін Нэнаға өзгерудің де қажеті жоқ, оның басты қасиеті –оның қарапайымдылығы.

- Бұл тамаша туындыны көрген көрермен биік мұрат жолына бағыттап, жүректеріне алдағы болашаққа деген сенімді ұялата білген ұлағатты ұстаздарын еске алатындары сөзсіз, - деді «AiN Entertainment» компаниясының өкілі Жан Байқазақов. 

Фильмдегі басты рөлді үнді киносының жұлдызы Рани Мукерджи сомдады. Айта кетсек, актриса осы рөлі үшін Мельбурнде өткен фестивальде «Үздік актриса» жүлдесімен мараппаталды.

- Жақында фильм Шанхай кинофестивалінде көрсетілді. Көрермендер ерекше ықылас танытты. Тілдік айырмашылығына қарамастан түрлі елден жиналған халықтың көңілінен шыққан бұл оқиға кез келген қоғамда түсінікті болатынын тағы да дәлелдеді, - деді картинаның продюсері Маниш Шарма.

Аталған кинотуындының әлемдік тұсаукесері үстіміздегі жылы наурыз айында өтті. Қыркүйек айының алғашқы күндерінде "Мен мұғалім апаймын" фильмі ресейлік экрандардан көрсетіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Фильм туралы:

Нэна Матхур алты жасынан Туретт синдромымен ауырады. Бұл ауруға шалдыққан адамның дене мүшелері еріксіз жиі тартылады. Тіпті ол еріксіз дыбыс шығарып, өзін басқарудан қалады. Алайда, ұстаз болуды  армандаған Нэна, өз мақсатына жету жолында неше мәрте сүрінсе де, кедергілерге мойымай, қиындықтарды еңсереді…

Бір айта кетерлігі, бұл голливудтық "Сынып алдындағы" фильмінің үнділік ремейкі. Ұлағатты ұстаз боламын деушілерге киноның берері мол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір