• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:27:55
Алматы
+35°

18 Тамыз, 2017 NEWS

Тіл фестивалі аясында халықаралық «Жайдарман» ойыны өтеді

«Жайдарман»  ойындары  жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткіл мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы негізінде
Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп, Тіл фестивалі аясында халықаралық «Жайдарман» ойынын өткізеді.

«Жайдарман»  ойындары  жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткіл мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған және қазақстандықтар сүйіп көретін телевизиялық жоба ретінде қалыптасты. «Жайдарман» алаңының мектеп жасындағы жеткіншектермен қатар студенттерді, жұмысшы жастарды қоса алғанда   200 мыңға жуық таланттыларды топтастырғаны көңіл қуантады.

Бүгінде Президентіміздің рухани жаңғыру жөніндегі тағдыршешті үндеуін жастармен ұштастыру мақсаты пайда болды. Осы үндеудегі – ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы туралы бөлімдер – ең алдымен, қазақ жастарына бағытталған ұстаздық ақыл мен талап деп түсінеміз. Сонымен қатар жобаның EXPO-2017 күндері кезінде өткізілуі оң резонанс тудыратындығына сенімдіміз.

Жобаға Қазақстан, Ресей (құмық, ноғай, балқар, қарашай, татар, башқұрт, хакас), Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан (өзбек, қарақалпақ), Әзірбайжан елдерінен  10-нан астам  команда қатысады деп күтілуде.

 

Өтетін орны: Астана қаласы "Астана" концерт залы

Басталуы:      2017 жылғы 25 тамыз  сағ.: 18:30-де 

             Жобаны «Қазақстан» ұлттық арнасы эфирінен көрсету жоспарланған.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір