• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:20:16
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018 Оқиғалар

Тікелей эфирде әнұранды естіген журналистер қосыла шырқай жөнелді (видео)

Азиада чемпиондарын марапаттау рәсімінің ашылуында Atameken TV журналистері тікелей эфирде әнұран айтты.

"Бұл нағыз импровизация болды. Азиада чемпиондарын марапаттау рәсімінің ашылуында Atameken TV журналистері тікелей эфирде әнұран айтты. Тікелей эфирдің артықшылығы сол - еш фальш болмайды" деп жазады Ерболат Мұхамеджан өзінің фейсбук парақшасында. Қолын кеудесіне қойып, әнұранды айта бастаған журналист Әнуар Кәрбозов болып шықты. Ал қолындағы қаламын лақтарып тастап, әріптесін қолдай кеткен жүргізуші Талғат Уәли екен. Жылы жүзді журналистердің патриоттығы тікелей эфирді тамашалап отырған көрермен қауымды тәнті етіп қана қоймай, көп ой салғаны анық. Себебі елін, жерін сүйген азамат мемлекеттік рәміздерге бейжай қарамасы анық. Көк байрағымызға қоқыс сүйреген, әнұран шырқалғанда жүрегі туламайтын, қысқасы былқ етпейтін, елтаңбаға қарағанда бойын мақтаныш сезімі билемейтін тұрғындарға аталмыш оқиға үлгі болсын дегіміз келеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір