• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:08:42
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2018 NEWS

Тігін фабрикасы 13 қырғызды құлдықта ұстап келген

ІІМ хабарлағандай, "Февраль" деп аталатын тігін компаниясына Ресей және Вьетнам азаматы басшылық еткен.

 

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Рязань облысында Ресей полициясы және миграциялық қызметімен бірлескен операция жүргізілгенін мәлімдеді. Наурыз айында Рязаньда тігін фабрикасы қожайыны 13 Қырғызстан азаматының төлқұжатын алып қойып, құлдықта ұстап отыр деген ақпарат алған, деп хабарлады centralasian.org.   

ІІМ хабарлағандай, "Февраль" деп аталатын тігін компаниясына Ресей және Вьетнам азаматы басшылық еткен. Онда әр елден келген жүзге жуық адам жұмыс істеген. Солардың ішінде 13-і Қырғызстан азаматы болған. Оларды Бішкектегі "Берекет" базары жанында делдал арқылы тапқан. Делдал да қырғыз азаматы болған.

 

Геннадий Петров
 
Қырғызстан азаматтары еңбек келісімшартына отырған. Оларға таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін 12 сағат жұмыс істеп, айлықтарыңды айына екі рет аласыңдар деп уәде берген. Сонымен бірге тегін тұратын жер, тегін тамақ және тегін медициналық қызмет көрсетіледі деген. Бірақ қырғызстандықтарды Рязаньға келісімен төлқұжаттарын тартып алып, тәулігіне 20 сағат жұмыс істеткізген.

Түскі үзіліске тек 40 минут берген. Сол уақытта олар өздері тамақ дайындап үлгеруі тиіс болған. Егер үлгермесе, 5 мың рубль айыппұл салған. Еңбек ақыларын да уақытында төлемеген.

Жұмысшылардың айтуынша, көбі жұмыстан кетпек болған, бірақ оларды цехта күштеп ұстап отырған. Қырғызстан азаматының бірі шыдамай, көктамырын кескен. Әріптестері жедел-жәрдем шақыруды талап еткен. Бірақ цех қожайыны дәрігер шақырудың өзі ақылы деп талап қойған.

Ресейде "Февраль" жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір