• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:45:24
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019

The World's Best шоуының $1 миллионы кімге бұйырды (видео)

Аталмыш байқауға Қазақстаннан Димаш Құдайберген мен Данэля Төлешов қатысқан болатын.

The World's  Best шоуында кішкентай вундеркинд деген атпен танымал бола бастаған Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам жеңіске жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталмыш шоуға Қазақстаннан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова да қатысты. 

Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындағаннан кейін мәлімдеме жасап, әділқазылар алқасын таңғалдырды. Димаш шоудың финалына қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан бұл шешіміне түсіністікпен қарауын сұраған.

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова аталмыш шоудың финалына шыға алмады, ол үндістандық Лидиан Надхасварамға жол берді.

Шоудың кезекті кезеңінде Данэлия әнші Pink-тің What About Us композициясын орындаған. Қазақстандық қатысушының қарсыласы шоу жеңімпазы атанып, миллион доллар ұтып алды.

Жеңімпаз Лидиан Надхасварам финалда Оңтүстік Корея акробаттары Kukkiwon-мен сынға түскен еді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір