• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:08:33
Алматы
+35°

06 Қараша, 2017 NEWS

Техастағы теракт құрбандарының арасында қазақстандықтар жоқ

Техастағы Баптисттік шіркеуде атыс кезінде 27 адам қаза тапқан болатын.

Техаста болған атыс кезінде зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақ мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Айта кетейік, Техастағы Баптисттік шіркеуде атыс кезінде 27 адам қаза тапқан болатын. Атысты АҚШ-тың Әуе күштерінде қызмет еткен 26 жастағы Девин Келли жасаған.

Қылмыскер шіркеуден шыққанда оған жергілікті тұрғындар оқ ата бастаған. Кейінірек қылмыскер автокөлігінде өлі күйінде табылды.

Техастағы шіркеуде орын алған атысты Трамп «зорлық-зомбылықтың мағынасыз әрекеті» деп атады. Қанды қырғынға байланысты Ақ үйде және барлық мемлекеттік ғимараттарда, әскери базаларда, АҚШ-тың федералды үкіметінің кемелерінде, елшіліктер мен өкілдіктерде тулар төмен түсіріледі.

АҚШ-тағы бұл оқиға ресми аза тұту болып саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір