• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:54:42
Алматы
+35°

04 Маусым, 2018 NEWS

Теміртауда күйеуі әйелін пышақтап кетті

Тексеру нәтижесінде азаматтың спирттік ішімдік пайдаланғаны анықталды және ол Теміртау қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

2 маусым күні сағат 22.30-да әскери наряд жетекшісі ефрейтор Ерболат Қаражігітов пен қатардағы сарбаз Дидар Болат және Байсұлтан Аяпбергенов өздеріне тиесілі аумақта қоғамдық тәртіпті қадағалау қызметін атқарып жүргенде әйеліне зәбір көрсеткен ер адамды  қолға түсірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әскерилер үйдің кіреберісінен жанұшыра жүгіріп шыққан әйелді көреді. Олар қан жоса болған сол жақ кеудесін алақанымен жапқан әйелге шұғыл көмек көрсетті. Әйелді күйеуі пышақтаған.

5516 әскери бөлімінің сарбаздары болған оқиғаны кезекші бөлімге хабарлап, жедел жәрдем мен құқық қорғау органдарының өкілдері де шақырылады. Жарақат алған әйелдің жөн сілтеуімен оның жолдасы тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған жерінен күш қолдану арқылы тұтқындалды.

Тексеру нәтижесінде азаматтың спирттік ішімдік пайдаланғаны анықталды және ол Теміртау қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір