• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:09:51
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2017 NEWS

«Telegram» желісіне шектеулер қойылды

Танымал ресейлік бизнесмен және «Telegram» мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өз кәсібіне кедергі келтіретін елдерде: Иран мен Ресейде жұмысын тоқтата

 Танымал ресейлік кәсіпкер және «Telegram» мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өз кәсібіне кедергі келтіретін елдерде: Иран мен Ресейде жұмысын тоқтата алатындығын айтты,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бізден қолданушылардың жеке мәліметтерін сұрап, кәсіпке де қысым көрсеткен елдерде «Telegram» –ды жауып,  олардың бұдан былайғы қарсылығын тоқтата аламыз»,- деп жазды ол өзінің Телеграм желісінде.

Осы мәлімдеменің алдында ғана, Ресейдің коммуникациялық тексеріс мекемесінің қызметкерлері «Telegram» қолданушыларының жеке мәліметтерін бермесе желіні бұғаттап тастайтындығын айтқан. Ал Иран мемлекетінің прокуратурасы Дуровқа қарсы сот ісін қозғаған болатын. Олардың сенуінше, «Telegram» желісі балалар порнографиясы мен экстремистік ақпараттар таратқан.

Павел Дуровтың айтуынша, Ресей мен Иранның Телеграмға жасаған қысымы, кәсіп үшін аса маңызды емес, өйткені бұл елдерде желі заңды тұлға болып есептелмейді. Иран мемлекеті қойған шектеулер оған түк емес, ал Ресей қойған талаптар онда  тұратын ата-анасын көріп тұруға кедергі келтіреді.

Дегенмен, бұл баға екі мемлекет қойған талаптарға төлеген арзан құн. Дуровтың ойынша, Иран мен Ресей қысымы екі ел экономикасына кедергі келтіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір